Жамбыл облысында көлік нөміріне балшық жағып қойған жүргізуші жауапқа тартылды
- author «Ақ жол»
- 16 қаңтар, 2026
- 749
Полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактілерін анықтады. Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалдайтын Mercedes Sprinter автокөлігінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін қағазбен жауып, оларды әдейі жасырған.
Сондай-ақ Geely Atlas көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөміріне балшық жағып, жасырып қойған. Осылайша жүргізушілер жауапкершіліктен қашу мақсатында көлік құралын сәйкестендіруді қиындатып, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің бейнебақылау камераларында тіркеліп қалмау амалдарын жасаған.
Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес сот шешімімен бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 3 және 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көліктер айып тұрағына қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Бала үшін ең маңыздысы – өзін қауіпсіз сезіну»
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




