«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіпкер неге мешітті муфтияттың меншігіне бергісі келмейді?

Кәсіпкер неге мешітті муфтияттың меншігіне бергісі келмейді?
Автор
Т. Рысқұлов ауданы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 34 мешіттің 33-і типтік, 1-і тиіптік емес. Сондайақ мешіттерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен бекітілген имамдар жұмыс атқаруда. Нақтырақ айтсақ, аталған мешіттерде 43 діни қызметкер бар. Олардың 3-еуі жоғары діни білімді, 7-еуі орта діни білімді, 33-і біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

– Дегенмен ауданда жеке азаматтардың меншігіндегі мешіттердің ғимараттары мен жер телімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне беру мәселесі бойынша 2 мешіт өтпей отыр, – дейді Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек.

– Олар Абай ауылдық округі Еңбекші ауылындағы «Қалқабай ата» мешіті, Құлан ауылындағы орталық «Сұлтан» мешіті. Аудан әкімдігі тарапынан мешіт иелеріне ҚМДБ меншігіне өткізу туралы бірнеше хат жолданып, кездесу ұйымдастырылды, бірақ бүгінгі күнге дейін меншік иелері келісім бермей отыр. Бұл бағытта тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біздің түсінгеніміз, бұл екі мешіттің иелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуге, имамдарды солардың келісімімен тағайындауға, басқа да мәселелерді ақылдасып отырып шешуге қарсы емес. Бірақ мешітті діни басқарманың меншігіне бергісі келмейді. Неге? Жасыратыны жоқ, мешіттің де шығындары көп, оны күтіп-ұстап отыруға да аз қаржы жұмсалмайды. Әлде мешіт қожайындары ас-құдайы өткізу арқылы табыс тауып отыр ма?

Аудан әкімінің орынбасары мешітті орналасқан орны орталықта болғандықтан, жер учаскесіне байланысты бергісі келмейтін шығар деген уәж айтты. Қалай айтсақ та бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр екен. Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбектің айтуынша, аудан бойынша 2 конфессия бағытында құрылған 34 мұсылман діни бірлестіктері ҚМДБ филиалы (мешіттер), 3 христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалы («Евангельские христианобаптисты» жергілікті діни бірлестігі, Меркі ауданындағы православ шіркеуінің ғимараты (приписной храмы), Меркі ауданындағы «Жетінші күн адвентитсттері» жергілікті діни бірлестігінің Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы филиалы қызмет атқарады.

Аудандағы мешіттердің жалпы сыйымдылығы 4 мыңнан астам адамға арналған. 33 мешіттің 10-ы қатты отынмен жылытылса, қалған 23 мешіттің жылу қазандығы табиғи газбен жұмыс істейді. 33 мешіттің барлығына бейнебақылау құралдары орнатылған. Ал христиан бағытындағы шіркеулер мен филиалдар ғимаратының жалпы сыйымдылығы 130 адамға шақталған. Тағы бір айтары, Т. Рысқұлов ауданы бойынша шетелде діни оқу орнында оқып жатқан 2 азамат анықталған болатын. Аталған азаматтардың ата-аналарымен шетелде діни білім алудың қауіптілігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы тарапынан әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданында әлеуметтік желілердегі «Талдамалы интернет карта» бағдарламасы бойынша «Вконтакте» парақшасында діни контенттерге, теріс діни топтарда тіркелуші азаматтар 15 адамды және «Instagram» парақшасында 4868 адамды құрайды.

Әлеуметтік желілерде теріс діни топтарға тіркелген азаматтармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр азаматқа діни радикализмнің қауіптілігі, оның қоғамға теріс әсері түсіндіріліп, дұрыс діни ақпарат алу қажеттілігі туралы кеңестер берілуде. Сонымен қатар азаматтарды діни экстремистік топтардан шығару үшін қолдау көрсетіліп, теолог мамандармен кеңестер ұйымдастырылуда. Мемлекеттік дін саясаты мен қолданыстағы заңдылықтарды түсіндіру және Қазақстан Республикасының діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында 1 аудандық және 15 ауылдық ақпараттықтүсіндіру топт ары құрылған.

Аудандық түсіндіру тобының құрамына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, орталық мешіттің бас имамы аудандық аналар кеңесінің төрайымы, этномәдени бірлестік жетекшісі енгізілген. Ақпараттық түсіндіру топтарының жоспарына сәйкес 2025 жылы 187 іс-шара өткізіліп, оған 4000-нан аса адам қамтылды. Сондай-ақ өткен жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С.Сәлемовпен бекітілген «Дін мен заң с абақт астығы» тақырыбында халық арасында діни қызмет саласындағы заңнама мен өзекті мәселелер бойынша өткізілетін профилактикалық жұмыстардың іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан аумағында түрлі нысаналы топтармен жалпы саны 40 іс-шара өткізіліп 1000- нан астам адам қамтылды. 2025 жылы аудандық бюджеттен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне «Т.Рысқұлов ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша 1 миллион теңге қарастырылып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жеңімпаз «KomekDemeu» ҚБ анықталып, келісімшарт жасалды.

Жоба аясында нысаналы топтармен (оның ішінде осал нысаналы топтармен) түрлі форматтағы кездесулер, семинарлар ұйымдастырылып, 1000 ақпарат парақшалары таратылып, 4 банер мен 3 бейнеролик дайындалған. Халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР аумағына тыйым салынған діни әдебиеттерді таратуға, пайдалануға жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Жыл басынан бері барлық мешіттердегі діни әдебиеттерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп тыйым салынған діни әдебиеттер анықталмады. Жалпы алғанда діни экстремистік және террористік мазмұндағы ақпараттардың таралуының алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілер мен интернет сайттарында деструктивті діни ағымдарға қарсы насихат жұмыстарына және күдікті сілтемелерді анықтау жұмыстарына дінт анушы, теолог мамандар тартылған. Бөлім тарапынан «Т.Рысқұлов ауданы дін саласы» атымен фейсбук және «t.ruskylov_din» инстаграм әлеуметтік желілерінде ресми парақшалар ашылған. Діни насихат жүргізетін дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдеріне қарсы насихат жұмыстары жүргізіліп, интернет беттеріне әртүрлі форматтағы суреттер мен видеороликтер, мақалалар тұрақты жариялануда, 2025 жылы әлеуметтік желілерде 74 материал, аудандық «Құлан таңы» газетіне 18 мақала жарияланды. Сонымен қатар Құлан ауылында 1 мешіттің құрылыс жұмыстары жаңадан жүргізілуде.

Казіргі уақытта негізі құйылған, қабырғалары көтеріліп шатыры жабылды. Мешіт сыйымдылығы шамамен 150-200 адамға арналған. Ал Меркі ауданы бойынша 3 конфессия бар.

Аудан аумағында 31 мешіт, 3 шииттік намазхана, 1 жетінші күнгі Адвентистер шіркеуі, 1 «Ехоба куәгерлері», 1 православтық шіркеу бар. Сонымен қатар Меркі ауылы, Ә.Ысмайылов көшесінде православтық шіркеуге тиесілі ғибадат ғимараты бар. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбектің айтуынша, аудандағы 31 мешіттің барлығында бейнекамералар орнатылған. 31 мешіттің 30-ы газбен, 1-і қатты отынмен жылытылады. Аудандағы мешіттерде 33 діни қызметкер бар. Оның 14-і жоғары, 14-і орта, 5-і сауат ашу курстарынан өткен. Бірақ «Андас батыр», «Сыпатай батыр», «Сұрат», «Қызылсай», «Қарасу» мешіттерінде имам жоқ. Имамдыққа кандидат азаматтардың құжаттамалары толығымен жинақталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жолданған.

Бүгінгі таңда аттестациялауды күтуде. Сонымен қатар аудан аумағында Ойтал, Тескентоған, Жеміс жидек ауылдарында жаңа мешіттердің құрылыстары жүргізілуде. Ал хрестиандық діни бірлестіктердің қызметі бойынша айтар болсақ, ғибадат үйлерінің ғимараттары газбен жылытылады. – Бүгінгі күнге ауданымыздан 3 азамат шетелдік күмәнді діни оқу орындарында оқып жатыр. Аталған студенттердің ата-аналарымен тоқсан сайын 1 реттен кездесу өткізілуде, – дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек.

– Ауданда 1 ақпараттық-түсіндіру тобы бар. Аталған топ іс-шара жоспары мен желілік кестеге сәйкес жұмыстарын атқарды. Аталған топтың құрамында ішкі саясат бөлімінің маманы, мешіт имамы, теолог, білім бөлімінің психологы мен әдіскері, этно-мәдени, ақсақалдар алқасының өкілдері бар. Ал 14 ауылдық округі әкімі аппараттарында дін саласында мобильді түсіндіру бойынша әр ауылдық округтерде 14 топ құрылып, ай сайын 14 іс-шарадан өткізді. Сонымен қатар облыс әкімдігінің дін істері басқармасы тарапынан 2025 жылы «Дін мен заң сабақтастығы» тақырыбында халық арасында діни қызмет саласындағы заңнама мен өзекті мәселелер бойынша жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағында 27 іс-шара өткізілген. Аудан аумағында дін саласындағы облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Асқар Сатылғанов, Нұрлан Мұрат пен Нұралы Бақытұлы тарапынан «Жастардың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал тамыз айында Астана қалалық «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов аудан тұрғындарымен, мешіт имамдарымен, «Меркі ата» мешітінің жамағатымен кездесу өткізді. Бұдан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2025 жылы 1 миллион 500 мың теңге бөлініп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан конкурс ойнатылып, нәтижесінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі 1 миллион 350 мың теңге ұтып алды. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Бауыржан Ботақараев, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүше сі Өркен Та лдыбаевтың қатысуымен халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында кешенді ісшаралар өткізілді.

– Жалпы алғанда бүгінгі таңда ауданда «В контакте» желісіне 45 адам, ал инстаграм желісіне 6388 адам тыйым салынған контенттерге тіркелген. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан аталған азаматтармен контенттерден шығару бойынша АИК Воркфлоу базасында (тыйым салынған топтарды анықтайтын база) жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 2291 адамға ескерту беріліп, оның ішіндегі 127 адам тыйым салынған контенттерден шығарылды. 1473 адамның парақшасы 2 жылдан бері постар жарияланбауына байланысты парақшалары қолданыстағы емес болып саналады, 90 адам өз парақшаларын өшіріп тастаған, 27 адам өзінің парақшаларын бұғаттап қоюына байланысты, байланысу мүмкін болмады, – дейді бұл жөнінде Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек.

Өткен жылы аудандағы діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытында постар мен видеолар инстаграм желісінде 1119 оқырманы бар merki_din парақшасына 210 пост және фейсбук желісіндегі 5000 оқырманы бар Din Merki парақшасына 210 пост жарияланды.

 

Оралхан ДӘУІТ

Ұқсас жаңалықтар