Сұхбатта білім беру жүйесін жаңғырту, оның сапасын арттыру және заман талабына сай бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Президент цифрландыру, жасанды интеллект және инновациялық технологиялар дәуірінде білім беру мазмұны түбегейлі өзгеруі тиіс екенін атап өтеді.
Бұл – оқушылар мен студенттерді тек теориялық біліммен ғана емес, практикалық дағдылармен, сыни ойлау қабілетімен және өмір бойы білім алуға бейім тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар мұғалім мәртебесін көтеру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және білім беру инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де қозғалған. Бұл – білім сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі.
Президенттің айтуынша, сапалы білім – әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін және ел болашағын айқындайтын басты құрал. Сұхбатта айтылған тағы бір маңызды мәселе – ауыл және қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға бағытталған бастамалар. Бұл ойлар қоғам тарапынан үлкен қолдау табатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, Президенттің бұл сұхбатын Қазақстандағы білім беру саласының стратегиялық маңызын айқындап, алдағы даму жолдарын нақты көрсеткен бағыт деп білемін. Бұл мақала білім саласының қызметкерлері мен жас ұрпақ үшін маңызды бағдар бола алады және ел болашағына деген сенімді арттырады.
Мұхамеджан СЕКСЕНБАЙ
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Ұқсас жаңалықтар
Қар көшкіні кезіндегі сақтық шаралары
- 13 қаңтар, 2026
Жасанды интеллект жылы: меже мен міндет
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




