Отырысты аумақтық с айлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов жүргізіп, инклюзивті қоғам қалыптастыру мен тең құқықтарды қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол мүгедектігі бар азаматтардың сайлау процесіне толыққанды қатысуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын жеткізді.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру және оның ережесін бекіту туралы қаулы қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бес жылға арналған Жол картасы бекітілгені атап өтілді.
Осы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен министрлік бекіткен Жол картаны іске асыру шеңберінде комиссия отырысында өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, Тараз қаласы мен аудандарға осы бағытта жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстары аясында облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға тең әрі кедергісіз қатысуына жағдай жасауға бағытталған.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Туризммен айналысатындарға мемлекеттік қолдау күшейді
- 26 ақпан, 2026
Еңбек адамының мүддесі – тұрақтылық негізі
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




