"Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие.Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұнан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда. Интернеттің дамуына байланысты "дәстүрлі" қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда.
Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Осы ретте ІМ қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Ол үшін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректерді бөгде адамдарға айтпаңыз, сондай-ақ банк карталарын және олардың деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіз!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




