Бұл туралы облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Керебаев баяндама жасады.
– Мереке қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуы мен қолданылу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында, өткен жылдың 5 желтоқсанынан 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында, облыс аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық ісшарасының 2-кезеңі өткізілуде.1-кезең – 2025 жылдың 5-12 желтоқсаны аралығында өткізілді. 2-кезең – 2025 жылдың 20 желтоқсанынан 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында жалғасты. Бірінші кезеңінде іс-шараға 350 қызметкер жұмылдырылып, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуы мен пайдаланылуын анықтау және жолын кесу үшін 70 топ құрылды, – деді ол.
Сонымен қатар Нұржан Серікұлы Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағында «Жасөспірім заң қауіпсіздігі», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» және «Ашық есік» атты іс-шаралар өткізілгенін, Полиция қызметкерлері, Білім бөлімдері, комиссия мүшелері, жастар орталықтары және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе мобильдік топтар құрылып, 2687 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын айтып өтті. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптары бойынша 14 мың 123 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мың 155 жасөспірім полиция бөлімдеріне түрлі қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жеткізілген.
Сонымен қатар, жасөспірімдерден 107 тыйым салынған зат, оның ішінде 97 пышақ және 10 кастет алыныпты. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында оқу орындарында 12674 құқықтық тақырыпта сөз сөйлеу ұйымдастырылып, оның ішінде 9462 лекция оқылған. Интернет желілерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында 3212 жарияланым жарияланды, 316 дөңгелек үстел мен 1123 ата-ана жиналысы өткізіліпті. Жиында күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Әтеновтың, облыстық психологиялық қолдау орталығының директорының міндетін атқарушы Әйгерім Исмайлованың есептері тыңдалды.
Облыстық прокуратура өкілі сөз алып, Тараз қаласындағы бірқатар колледждерге тексеріс жүргілгенін, әсіресе «Парасат» колледжінде тәртіпсіздік көбірек болып тұрғанын, тәрбие саласына жауапты мамандары да түгел емес екенін айтты. Мәселен, 900 студенті бар колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – біреу. Зерделеу кезінде үш психологтың тек біреуі ғана жұмыс істеп жүргені анықталған.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жиынды қорытындылай келе, келесі комиссия отырысында Тараз қаласындағы бірнеше колледж директорларын тыңдау қажеттігін, әсіресе «Парасат» колледжінің басшылығының есебіне басымдық беру керектігін айтты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ең үлкен марапат – елдің алғысы мен сенімі
- 25 желтоқсан, 2025
Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қиындығы неде?
- 25 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




