Жылан жылында да облыстық «Aq jol» газеті өз оқырмандарымен тұрақты түрде қауышып отырды. Газет шықпай қалған кез болған жоқ. Журналистеріміз жұртқа ақпараттарды жедел жеткізуде барын салды. Иә, «Aq jol» газеті өз оқырмандары үшін адал қызмет етуге қашанда дайын.
Алдағы уақытта оқырмандарымыз біздің басылымнан өткір де батыл, әділетті жазылған дүниелерді оқитын болады. Әр сала бойынша түрлі сараптамалар, зерттеулер, сын мақалалар, әдебиет пен өнерге, мәдениетке кеңінен орын беру, аудандардың тіршіліктерін кеңінен жазу, оқырман мен редакцияның байланысын арттыру, міне, біздің жұмысымыздың негізгі бағыты осы болады. Қазір көпшілік «Aq jol» газетіне ғана емес, оның сайтына да назар аударатын болды. Қалай айтсақ та, «Aq jol» газетінің ұжымы өз оқырмандары үшін тік тұрып қызмет етуге қашанда дайын.
Жалпы, жаңа жыл – өткен күнге көз жүгіртіп, өз-өзіңе есеп беретін, бір жыл ішіндегі тірлігіңді саралайтын мереке ғой. Сонымен қатар алдыңа жаңа мақсаттар қойып, жаңа жоспарлар жасайтын, тың күш-қуат беретін мереке. Лайым, биылғы жылы атқарған тірліктеріңіз тек берекеге бастасын. Қуанышқа ұлассын. Толағай табыстарға жетелесін. Алға қойған жаңа мақсаттарыңыз айқын болсын. Арман-тілектеріңіз, ойға алған ізгі істеріңіздің бәрі орындалсын.
Алла Тағалам әрдайым қолдап жүрсін. Жылқы жылы берекеге, молшылыққа бастасын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Оралхан ДӘУІТ
бас редактор
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындар көтерген әр мәселе назардан тыс қалмайды
- Бүгін, 01:17
Жамбыл облысында газдандыру жұмыстары қарқын алып келеді
- 29 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




