Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының 99205 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңге бөлініп, бір оқу-жаттығу жиыны өткізілді, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық мүліктер сатып алынды. Келер жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 116 млн теңге қарастырылған.
Салтанатты шара барысында қатысушылар нысанның лентасын қиып, казарма ғимараты мен әскери техника көрмесін аралап көрді.
Құны 2,2 млрд теңгені құрайтын казарманың құрылысы 2024 жылы басталып, толық аяқталды. Қазіргі таңда аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы жаңа ғимаратқа орналастырылды.
Жауынгерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету және қорғау міндеттерін орындауға кірісті.

Ұқсас жаңалықтар
Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қиындығы неде?
- 25 желтоқсан, 2025
Жауапсыз баласы үшін анасы айыппұл арқалады
- 25 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




