Төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі, асқар тау әке, ардақты ата бола білген Қабылан ағамыз енді ортамызда жоқ дегенге с ену қиынның қиыны. Ел арасында Төле бидей болмаса да, төбе бидей беделі бар, өнегесі өзгеше, шапағаты мол – Қабылан Сүндетұлы Көрпебаев 1946 жылы Мойынқұм ауылында туған. Елге сыйлы азамат 2007-2009 жылдары Мойынқұм ауылының әкімі қызметін атқарған. Сондай-ақ халық қалаулысы, аудандық мәслихат депутаты болды.
Мойынқұм ауданының «Құрметті азаматы», Журналистер одағының мүшесі. Оның елге жасаған жақсылығы, ауданға сіңірген ісі көп-ақ. 2014 жылы ол отбасы жағдайымен Алматы облыcының Іле ауданына қоныс аударды. «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» дегендей, мұнда да Энергетик ауылдық округі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып іскерлігімен, білімімен қоғамдық жұмысқа белсене қатысуымен сыйлы азамат атанды.
Алдамшы мынау дүниеде сыйластықтың жөнжосығын Қабылан ағамыздан артық білетін адам, сірә, сирек шығар. Өзінің «Өткен күндер ғибраты» кітабы «қызыға жаз, қыздыра жаз, ойланып жаз, ой сала жаз» деген заманымыздың заңғар жазушысы Ғ. Мүсіреповтың тікелей өзінен бата алып жазғандай әсер қалдырады. Алла Қабылан ағамызға сөз өнерін сый етіп дарытқандай, әр беті жүрек жылуымен жазылған. Осында қанша адамның есімі аталса, соның бәріне бірін-бірі қайталамайтын жылы лебіз, арнау сөз тапқан. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді.
«Бірінші байлығым халқым» деп білген, ойы да, бойы да биік, сөзі де, ісі де ірі, жаны мен қолы бірдей таза, кішілік пен кісіліктен жаралған, періште пейілді, тұғыры биік тұлғаның жаны пейіште шалқысын. Қабылан Сүндетұлының жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Еске алушылар: жұбайы Орынкүл және балалары, бауырлары Қоблан, Ұрхия және туған-туыстары.
Ұқсас жаңалықтар
Қырық жасында қыруар іс тындырған қарымды қаламгер еді...
- 15 қаңтар, 2026
Барын бағалай білмегенге бақ қонбайды
- 15 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




