Өнеркәсіп саласында жыл басынан бері 1,2 триллион теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 10,9 пайызды құраған. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 62,1 пайызы өңдеу секторына тиесілі. Жыл басынан бұл салаға 203,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты 1,5 есеге ұлғайған. Бұл республика бойынша 1-рын деген сөз. Тағы бір атап өтерлігі, облыс экономикасына 599,2 ми лли ард теңге инвестиция тартылған, оның 82 пайызы жекеменшік қаражаты. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы бестік қатарында. Ал өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада үшінші орында тұр.
«Облыста іске асырылуы 2029 жылға дейін қарастырылған 8,3 мың жұмыс орнын құруды көздейтін, жалпы құны 4,1 триллион теңгені құрайтын 62 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Оның 12-сі шетелдік инвесторлардың қатысуымен болды. Осы жылдың соңына дейін 161 миллиард теңгеге 1,1 мың жұмыс орны құрылатын 26 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде», деген еді партияның отырысында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы. Биыл облыста іске асырылып жатқан бірқатар ірі жобалар бар. Атап айтқанда, «SHENGTAI BIOTECH CO. LTD» «Fufeng Group» компаниясы жылдық қуаттылығы үш миллион тоннаны құрайтын жүгеріні тереңдетіп өңдейтін жобаны қолға алса, «YONGGANG IRON AND STEEL GROUP CO., LTD «Fujian Hengwang Investment» компаниясы жылдық қуаты үш миллион тоннаға дейін прокат металл бұйымдарын өндіру бойынша металлургиялық зауыт құрылысы жүзеге асыруда. «ЕВРОХИМ УДОБРЕНИЯ» серіктестігі жыл соңына дейін жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін өндірістің бірінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, «ZHONGKAI KAZAKHSTAN INTERNATIONAL SUGAR INDUSTRY COMPANY» компаниясы жылдық қуаттылығы бір миллион тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант, 72 мың тонна қызылша ұны мен 54 мың тонна меласса шығаратын заманауи қант зауытының құрылысы басталды. «QAZAQ SODA» кальцийлендірілген сода өндірісін, «ШОКПАР-ГАГАРИНСКОЕ» Қордай ауданындағы Гагаринское кен орнында құрамында алтын бар кен өндіретін таукен байыту комбинатының құрылысын, «ALTYNALMAS REAGENTS» натрий цианиді өндірісін, «KAZAKHSTAN HYDROGEN PEROXIDE» сутек пероксиді өндірісінің құрылысын жүргізуде. Ал электр энергиясын өндіру бойынша «TOTAL EREN» ЖШС энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы бір гигаватт жел электр станциясының құрылысы мен «MASDAR» ЖШС 300 мВт энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы 1 гигаватт жел электр станциясының құрылысын бастағалы отыр. Осы ірі инве стициялық жобаларды ғана іске асырудың есебінен облыс экономикасына 3,8 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде.
Бұл жобалардың басым бөлігі «Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағында және «Тараз» индустриялық аймағында орналасқан. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағының жалпы ауданы 905 гектарды құрайды. Болашақта оның аумағын 1,2 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Мұнда жалпы құны 1,6 триллион теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда 5,2 мың жұмыс орны құрылады деп көзделуде. Бүгінгі күні жалпы құны 975,7 миллиард теңгені құрайтын 8 жобаның құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Қалған жобалар жобалау сатысында. Ал «Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1300 жұмыс орны құрылатын 23 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның жалпы құны – 113 миллиард теңге. Бүгінгі таңда тоғыз жоба іске асырылып, 200 жұмыс орны ашылған. Мемлекет басшысы тапсырғандай шағын және орта бизнесті дамытуға облыста басымдық берілген.
Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 миллиард теңге несие үлестірілген. Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 52,1 миллиард теңгені құрайтын 1218 жоба іске асырылған. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 18,1 пайызға артты. Осы жылдың 1 желтоқсанына жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 109,9 мыңды, онда жұмыспен қамтылғандар саны 165,4 мың адамды құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 348,2 миллиард теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі 22,5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылып, онда 1,7 миллиард теңгеге үш жоба жүзеге асырылды. Өсім ауыл шаруашылығы саласында да байқалады.
Атап айтсақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 485,4 миллиард теңгені құраған. Ал ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетіп, ол алқаптан 3,3 миллион тонна өнім жиналды. Оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 миллион тонна көкөніс, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары бар. Қант қызылшасы алқабы толық жиналып, 221 мың тонна өнім алынып отыр. Жалпы қант қызылшасын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,9 миллиард теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5,3 миллиард теңге күтілуде.
Диқандардың күшімен биыл 858 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған. Оның 391-і трактор-комбайн болса, 467-і ауыл шаруашылығы тіркемелері. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 6,3 пайызды құрады. Мал шаруашылығында ет өндірісі (тірі салмақта) – 2,2 пайызға, сүт 1,7 пайызға артты. 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 410 мың тонна пияз. Пияз экспорты бойынша облыс көшбасшы болуда. Президент тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан жерлерді қайтару бойынша 61,8 мың гектар жер телімі қайтарылған. Ал «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 миллиард теңгеге 437 жоба қаржыландырылған. Облыста 66,5 мың гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиялары енгізілген. Сондай-ақ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандарында 322 су нысандары қайта жаңартудан өткізілуде. Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 миллиард теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту және 312 каналды жөндеу жоспарлануда. Өңірде тұрғын үй мәселесі кезеңкезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Жыл басынан 642,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінге 580 пәтерлі 11 әлеуметтік үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 9 үй беріледі деп күтілуде.
Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда. Ал «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған. Облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырым, оның тозу деңгейі 54 пайызды құрайды. Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және жаңа шағынауданында жылу желілерін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталған. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 0,7 шақырымында жұмыстар аяқталып отыр. Нәтижесінде, жыл қорытындысы мен жылу желілерінің тозу деңгейі 53 пайызға дейін төмендеді.
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 10 мың шақырым. Биыл автожол саласында 182 жоба іске асырылып, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 460,2 шақырым қамтылған. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5 пайызға, ал көше-жол желісі 89 пайызға дейін жеткізілді. Тараз қаласын дамыту бойынша жоспар әзірленген.
Атап айтсақ, Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін автомобиль қозғалысына арналған жол өткелі болатын көпір құрылысы жалғасуда. Жобаны іске асыру Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа тұрғын үй алқаптарының қала орталығымен көлік байланысын қамтамасыз ету үшін 50 шақырым асфальт автомобиль жолдары салынып, ұзындығы 10,3 шақырымды құрайтын үш көше қайта жаңғыртылды, 35,3 шақырым жаяу жүргінші жолы жабдықталды, 49,6 шақырым суару арықтары жөнделіп, төселді. Соңғы екі жылда 271 заманауи автобустар сатып алынып, Тараз қалалық автокөлік паркі 82 пайызға жаңартылды. Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,6 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есеге артық. Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 18,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылып отыр. Бұдан басқа, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 63,4 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 46,2 мыңы – тұрақты.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 42,8 мың адам қамтылған. Сөйтіп өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болып қалыптасып отыр. Жұмыс орындарының құрылуы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 28,9 пайызға қысқарған. Сондай-ақ Тараз қаласы мен аудандарда 11 отбасыларды қолдау орталықтары ашылды, онда өмірлік қиын жағдайға тап болған 826 отбасыға көмек көрсетілген. Бюджеттен тыс қаржы есебінен Тараз қаласында 200 орындық жаңа белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 25 миллиард теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан 10 мектеп пайдалануға берілді, оның 4-уі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы үш нысан құрылысы аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде, бір үш ауысымды, үш оқушы орны тапшылығы бар, үш тозығы жеткен мектептер мәселесі шешілмек.
Бұдан бөлек, 16 білім нысанын күрделі жөндеуге 11 миллиард теңге бөлінген. Жалпы облыс оқушылары он алтыншы жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Ең үздік команда» атанып, республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды. Сондай-ақ ұлттық рух пен патриоттық сананы қалыптастыру үшін өңірде алғаш рет 320 орындық дарынды ұлдарға арналған «Әскери мектепинтернаты» ашылды. Техникалық және кәсіптік білім беруде инновациялық білім беру технологияларын енгізу үшін Ленинград облысындағы Сосновоборск политехникалық колледжі мен Жамбыл политехникалық колледжі арасында келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық Қазақстанда салынып жатқан Атом электр станциясы үшін жұмысшы кадрлар даярлауға бағытталған. Денсаулық сақтау саласында да ауыз толтырып айтар жұмыстар көп.
Биыл облыста бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, 11 қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Сөйтіп денсаулық сақтау инфрақұрылымының тозу деңгейі 42 пайызға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 92 пайызға жетті. Өңірде ТМД елдерінде аналогы жоқ жасанды интеллектіні пайдалана отырып, бірегей жоба іске асырылды. Онда 22 медициналық мекеме бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктірілген. Бұл дәрігерлерге және сүт безі қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. 2264 адам тексеруден өтті. Жедел церебральді қан айналымы бұзылыстарын, ишемиялық инсультті диагностикалауға, оның локализациясы мен зақымдану көлемін бағалайтын дәрігерлерге көмектесу үшін «Серебро» жасанды интеллект жүйесін енгізу жоспарлануда. 5252 медицина қызметкері оқудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде 12 дәрігер шетелдік клиникалардан білімін толықтырды.
Спорт саласында да атқарылған жұмыс көңілге демеу. Биыл облыста 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Үш спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілді. Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8 пайызға, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9 пайызға жетті. Тараз қаласында 3,5 миллиард теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды. Ал мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы жүргізіліп, есепті кезеңде 10 нысан, оның ішінде Тектұрмас тарихи кешенінде «Ежелгі Бекініс» нысаны пайдалануға берілді. Одан бөлек, 16 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 79,5 пайызға жетті. Цифрландыру аясында атқарылған жұмыс нәтижелі. 353 елді мекен мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 148 елді мекенде интернет сапасы 4G деңгейіне жеткізілді. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 12 антенналық-діңгекті құрылғылардың құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылу деңгейі 90 пайызды құрайды.
Бұдан басқа, жаңа базалық станцияларды орнату кезінде тағы 19 елді мекенде интернет желісінің сапасы 4G деңгейіне дейін арттырылды, Тараз қаласында 5G-мен 45 базалық станция іске қосылды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Балалардың қуанышы – әлемнің шаттығы
- 26 желтоқсан, 2025
Адал еңбектің әділ бағасы
- 26 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




