Жалпы, бұл күні спикерлер кәсіби қызметтік жолынан мысалдар келтіре отырып, жастарға мақсат қою, жауапкершілік, еңбекқорлық және өзін дамыту жайында ақыл-кеңестерін берді. Сондай-ақ жолшылар жақсы маман қай кезеңде де бағаланатынын алға тартып, мектеп оқушыларын техникалық мамандықтарда білім алуға шақырды. Ойын форматындағы тапсырмалар, қызықты пікірталас пен сұрақ- жауап түрінде өрбіген кездесуде оқушылар да жол саласындағы өздерін қызықтырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, соңғы жылдары мемлекет тарапынан техникалық бағыттарға бөлінетін гранттар көлемін жыл сайын ұлғайтылуда. Мәселен, биыл инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 19 344, IT және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларына – 10 903, жаратылыстану, математика және статистикаға – 8 288 грант бөлінген. Сонымен қатар осы жылы «Көлік құрылысы» және «Көлік нысандары» сияқты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл –автомобиль және темір жолдар, көпірлер, тоннельдер, аэродромдар, газ-мұнай құбырлары сияқты күрделі инфрақұрылым нысандарын жобалап, оны іске асыратын мамандарды даярлауға бағытталған. Ал егемен елімізде жол құрылысы және көлік инфрақұрылымы бойынша мамандар даярлайтын 8 жетекші жоғары оқу орны бар.
Жалпы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығында» өндірістік тәжірибеден өткен әрбір студентке айына 80 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Бүгінгі күнге дейін аталған орталықта 243 студент тәжірибеден өтсе, олардың 19-ы тұрақты жұмысқа орналасып үлгерді.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




