Жуырда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жаңатас қаласының тұрғынына қатысты іс қаралған. Онда С. есімді азаматшаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 2-бөлігінде көзделген (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айып тағылған. Нақтылай түссек, айыпталушының кәмелетке толмаған Қ. есімді ұлы өзі білім алатын мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.- ның екінші сабаққа сыныпқа кіру туралы өтінішіне дөрекілік танытып, оған балағат сөз қолданып, сабаққа бармайтынын айтқан.
Нәтижесінде, аталған мәнжайлар бойынша оның заңды өкілі азаматша С.-ға қатысты өз ұлын тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады. Өйткені жыл басында заңды өкілі С. өзінің атааналық міндеттерін орындамағаны үшін сот шешімі негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген. Сот қаулысымен азаматша С. кінәлі деп танылып, жауаптылықты жеңілдететін мәнжайларды ескере отырып, оған 41286 теңгені құрайтын айыппұл тағайындалған. Қаулы заңды күшіне енген. Бірер ай бұрын дәл осы өңірлік кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осыған ұқсас тағы бір іс тіркелген. Мамандар жоспарлы рейд жүргізу барысында азаматша О.-ның кәмелетке толмаған И. есімді ұлының артқы қалтасынан бүктелетін пышақ тапқан.
Айта кетейік, жеткіншек облыс орталығындағы гуманитарлықтехникалық колледждің студенті. Аталған мән-жайлар бойынша оның заңды өкілі азаматша О.- ға қатысты өз ұлын тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс деңгейде орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 2-бөлігімен іс қозғалады.
Өкінішке қарай, нақ осы азаматша да биылғы жылдың маусым айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Ал баласынан суық қару табылуына байланысты сот қаулысы шығып, оның негізінде анасына 41286 теңгені құрайтын айыппұл тағайындалған. Атап өту керек, мұнда да айыпталушыға қатысты жауаптылықты жеңілдететін мәнжайлар ескерілген.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Халықтың билікке деген сенімі нығаяды
- Бүгін, 02:25
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




