Осы арқылы мемлекеттік саясаттың сапасы жақсарып, халықтың билікке деген сенімі нығаяды. Қоғамдық кеңес – демократиялық қоғамның дамуына үлес қосатын маңызды алаң. Ол азаматтардың белсенділігін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара түсіністікті күшейтеді. Облыстық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 11 наурыздағы өкімімен облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы ре сми бекітіліп, жаңа құрам қоғам қайраткерлерінен, қоғам белсенділерінен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және азаматтық қоғам мүшелерінен құрылған.
Қоғамдық кеңестің төртінші құрамына 31 мүше сайланды. Облыстық қоғамдық кеңе сағымдағы жылы облыстық білім, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және табиғи ресурстар, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық даму, құрылыс басқармаларында және 10 аудандық бөлімде қоғамдық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, аудан халқымен кездесіп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері е скерілді. Халықтың ұсыныс-пікірлеріне және зерделеу қорытындыларына сәйкес облыстық басқармаларға нақты ұсынымдар жолданды.
Облыстық қоғамдық кеңес кезекті отырысында жұмыс сапасын арттыру мақсатында қызмет бағыттары бойынша 6 комиссия құруға қаулы қабылдады. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет» деген болатын.
Сонымен қатар ел Президенті 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қоғамдық кеңестердің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажеттігін міндеттеген болатын.
Әуесхан ЗӘУІРБЕКОВ
облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




