Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтайдың айтуынша, кәсіпкерлер тап болған мәселелердің жүйелі сипаты прокуратура органдарымен тығыз байланыста өзара іс-қимыл арқылы нәтижелі шешілуде.
– Палатаға түскен өтініштердің басым бөлігі жер мәселелеріне, мемлекеттік сатып алулар, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 2,8 миллиард теңгені құрады. 13 сот отырысына қатысу нәтижесінде бизнес субъектілерінің пайдасына 4 оң шешім қабылданып, 201 миллион теңге сомасында құқықтар қорғалды. Облыс прокуратурасымен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде 7 сарапшылық кеңес отырысы өткізіліп, 5 жүйелі бизнес мәселесі шешілді және 16 тексеру алынып тасталды. Атап айтсақ, 90 кәсіпкердің жалпы сомасы 160 миллион теңгеге, 189 аграршының 377,2 миллион теңге сомасына және 278 жеке балабақшаның құқықтары қорғалды. Кәсіпкерлер палатасы инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстырушы буын ретінде инвестициялық жобаларға белсенді қолдау көрсетеді. Жамбыл облысында 2025-2028 жылдарға арналған 3,6 триллион теңге сомасында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 82 инвестициялық жобаның базасы қалыптастырылды. 62 жоба құрылыстың белсенді кезеңінде, – дейді Еркін Садуахасұлы.
Палатаның прокуратурамен бірлескен жұмысының арқасында «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табиғатқа эмиссия салығының артық төленген сомасын 1,9 миллиард теңгеге қайтаруға жәрдем көрсетілген. «КнауфТараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі неміс-қазақстандық инвесторының жер алу құқықтары қорғалған. Сондай-ақ «KORCEM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Qazaq Soda» ҚБ-ға құрылысқа экологиялық рұқсат алуға көмек көрсетілген.
– Сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін қылмыстықатқару жүйесімен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Нақты нәтижеге тоқталсақ, 2502 сотталғанның ішінде 1815-і жұмыспен қамтылса, оның 1050- і 34 бизнес субъектісінің қолдауымен ұйымдастырылған өндірістерге жұмысқа орналастырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Жамбыл жиһаз фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен және «Еңбек-Тараз» филиалымен өндірістерді ұйымдастыру және оқу орталықтарын құру туралы төрт тарапты келісімге қол қойылды. Сондай-ақ палата Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өңірлік жоспарды іске асыруға белсенді қатысқанын да атап айтуға болады. 520 кәсіпорынға жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жалпы кадрлық қажеттілік 6,4 мың адамды құрады. Дуалды оқыту 35 колледжде 72 мамандық бойынша енгізілді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізіліміне 33 оқу орталығы енгізілген, 1,3 мыңнан астам адам оқытылды, оның 78 пайыздан астамы жұмысқа орналастырылды. Палата тарапынан 3 мыңға жуық бизнес субъектілеріне 7 мыңнан астам қызмет көрсетілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша 2 финалист 5 миллион теңгеден гранттық қаржыландыру алды. Облыстың кәсіпкерлер палатасы статистикалық көрсеткіштердің жай ғана өсуін емес, сонымен қатар бизнес мәселелерін шешудегі жүйелі тәсілді көрсетті. Біз инвесторлардың құқықтарын қорғауда, дуалды оқытуды енгізуде, әсіресе әріптестіктің жаңа тетіктерін құруда нақты нәтижелерді көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – іскерлік ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру және өңірдегі әрбір кәсіпкер үшін сенімді тірек болу, – дейді Е. Атымтай.
Палата жанынан 7 тұрақты жұмыс істейтін салалық кеңестер жұмыс істейтінін де айта кетелік. Олар 109 мыңнан астам бизнес субъектілерінің мүдделерін қамтитын 500- ден астам мүшені біріктіреді. Кеңестер жыл басынан бері 52 отырыс өткізіп, 130-дан астам мәселені қарап, оның 53-нің толықтай шешілуіне қол жеткізген.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
БердібекСоқпақбаевтың соқпағына түскен жазушы еді
- Бүгін, 03:07
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




