«Заң мен тәртіп» қағидаты: облыстық әдістемелік семинар өтті
- author «Ақ жол»
- 19 желтоқсан, 2025
- 949
Іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесінде отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайта отырып, біртұтас әрі үйлесімді тәрбие жүйесін қалыптастыру жолдарын анықтау болды.
Семинар барысында ата-аналармен өзара байланысты арттырудың, мектеп пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайтудың тиімді тетіктері ұсынылды. Тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тарту, әлеуметтік жобалар мен волонтерлік бастамалар арқылы оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу жолдары қарастырылды.
Қорытындылай келе, семинар барысында ұсынылған идеялар мен тәжірибелік ұсыныстар отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәрбие жұмысын жүйелі әрі нәтижелі ұйымдастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл бастамалар оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыдан дамыған, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптастыруға негіз қалайды.
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




