Полицейлер күдіктіні ұстау кезінде жеке тінту жүргізіп, оның шалбарының қалтасынан салмағы 2 грамм 11 миллиграмм болатын «A-PVP» синтетикалық есірткі заты салынған ораманы анықтады. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу шаралары бірден жалғасын тауып, күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайына тінту жүргізілді.
Тінту барысында зал бөлмесіндегі кереуеттің астынан жалпы салмағы 166,09 грамм болатын «A-PVP» синтетикалық есірткі заты салынған пакет табылды. Сонымен қатар күдіктіден есірткі заттарын таратуға арналған айғақ заттар – өлшеуіш таразылар және шамамен 1500 дана «зиппакет» тәркіленді. Бұл деректер күдіктінің есірткі заттарын жеке тұтыну емес, сату мақсатында сақтағанын айғақтайды.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген «A-PVP» синтетикалық есірткі затының жалпы салмағы 168, 2 грамнан асады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса ірі көлем ретінде бағаланады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті сот санкциясымен уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары есірткі заттарының жеткізу арналары, сондай-ақ қылмыстық әрекетке қатысы болуы мүмкін басқа да сыбайластарды анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымы – қоғам үшін аса қауіпті қылмыс. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күшейтіліп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу және әшкерелеу шаралары тұрақты түрде жалғасатын болады.
***
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы ер адамды Тараз қаласында есірткі заттарын «жасырын жерге қою» сәтінде ұстады. Күдіктіні жеке тінту кезінде жалпы салмағы 14,13 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған 30 орама тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайы бойынша санкцияланған тінту барысында салмағы 926,827 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылады.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі құралы «альфа-PVP» болып шықты. Жалпы салмағы 940 грамм 957 миллиграмды құрады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, сату мақсатында тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергептексеру амалдары басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды
- 27 желтоқсан, 2025
Ең үлкен марапат – елдің алғысы мен сенімі
- 25 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




