16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Алғаш болып облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған азаматтар гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.
Мұнан соң рәсімді «Оңтүстік» өңірлік әскери Қолбасшылығының сардарлары, Аmanat партиясы облыстық филиалы өкілдері, өзге де қоғамдық-саяси ұйымның жетекшілері, облыстық, Тараз қалалық мәслихаттың депутаттары, студент жастар мен Тараз қаласының тұрғындары жалғастырды.
Бұл іс-шараның да маңызыбар. Құндылықтарды қастерлеу басты парыз десек, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде де мұндай жиынның мәні жоғары екені анық. Тәуелсіз елімнің әр таңы арайлы, жүрер жолы даңғыл болғай!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




