Экономика
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9,2 трлн теңгені құрады
- author «Ақ жол»
- 17 желтоқсан, 2025
- 733
2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы және бұршақ дақылдары да айқын өсім көрсетті. Мәселен, 1,1 млн тоннадан астам көлемде бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі алынды.

Вице-министр майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,7 млн тоннаға жеткенін айтты.
Мұндай көрсеткіштерге егін егу және жинау жұмыстарына жеңілдікпен 750 млрд теңге қаржы бөлінгені ықпал етіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




