Ел Тәуелсіздігін алған 1991 жылдың желтоқсан айында мен Мойынқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы едім. Көп ұзамай облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалдым. Идеология жағына жауапты болдым. Тәуелсіздікке қол жеткіздік, еркін ел болдық деп қуану бір басқа, ал елең-алаң шақта елді басқарып, жаңа жолдардан өту ол мүлдем басқа. Шаршы топта сөз бастау мен ел басқару қиын екенін бабаларымыз айтып өткен. Тәуелсіздік жылдары келгенге дейін де мен басшылық қызметтерде болған адаммын. Әрине ол кезде жүйе де, талап та басқа. Партияның талабы жоғары кез. Арнайы жоспар жасалып, елді өркендету жолында аянбай еңбек еттік. Сол іскерлік пен белсенділіктің арқасында біраз қызмет сатысына көтерілдік деп ойлаймын. Ал Тәуелсіздік жылдардың жүгі, еркіндікті алғаш алған кезеңдерде ай мен жылдардың салмағы өте күрделі еді. Ол жылдардың мәселелерін сөз ету ауызбен айтуға ғана жеңіл еді. Әсіресе идеология, қаржылық мәселелер күрделі болғанын барша көпшілік біледі.
Облыстық деңгейде сол кезде еңбек етіп, талай қиындықпен бетпебет келдік. Әрине «Тәуелсіз ел болдық» деп әдемі сөзбен айту оңай. Бірақ нақты жағдайды білу, сол кездегі қиындықтар бойынша халықпен нақты жұмыс істеу оңайға соқпады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облысты басқарған Өмірбек Байгелдиевпен бірге өзекті мәселелерді шешу жолында тер төктік. 1992 жылы еліміздің бірінші Президентінің қолдауымен дүниежүзі Қазақтарының Тұңғыш Құрылтайы Алматы қаласында өтті. Осы айтулы жиынға облыстық делегацияны ұйымдастырдық. 1993 жылы елімізге қандастарымыз көшіп келе бастады. Біздің Әулиеата өңіріне де олар табан тіреді. Тарихи Отанына келген азаматтарға жергілікті тұрғындар қуана құшақ ашып, құрмет көрсеткеніне де талай куә болдық.
Біздің еліміз Тәуелсіздік жылдарында маңызды да ауқымды жолдардан өтті. О л жол дар қажыр мен қайратты талап етті. Дегенмен, біздің бойымызда азат еліме қызмет етіп жатырмын деген үлкен патриоттық сезім мен жоғары жауапкершілік болды. Сол патриоттық пен жауапкершілік бізді қуантып, бізге күш берді. Жаңа мемлекет болған соң міндет басқа, жол басқа еді. Көп нәрсеге ықылас ынта болғанымен қаржы тапшы еді. Сол жағдайды халыққа түсіндіріп, еліміз одан әрі дамуы үшін жақсы жол, оң бағыт таба білдік деп ойлаймын.
Облыста жауапты қызмет атқарғандықтан біздер күндіз-түні тыным таппадық. Ал Мемлекет басшысы және оның аппараты, Үкімет ол жылдары өте жоғары жұмыс істеді. Оны жоққа шығаруға болмайды. Ол – тарих. Нақты жол. Ал облыста, әр ауданда, ауылда да қыруар жұмыс жүрді. Оны да айту керек. Сол бірлікпен, ынтымақпен, түсіністікпен келген Тәуелсіздігіміз қашанда қымбат. Мен үшін де өте қастерлі. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, ел рухты болсын! Қазақ елі өркендей берсін!
Нілзя РАХЫШЕВА
облыстың Құрметті азаматы
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




