«Samruk-Kazyna Trust» қоры Жамбыл облысында 17 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды
- author «Ақ жол»
- 15 желтоқсан, 2025
- 1.1k

2020–2025 жылдар аралығында өңірде жалпы құны 1,75 млрд теңге болатын 17 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл бастамалар балалар, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ спорт пен инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған.

Жүзеге асқан жобалар қатарында – Тараздағы аутизмі бар балаларға арналған оңалту және ерте араласу орталықтары, Шу қаласындағы оңалту орталығы, Әлжан ана ауылындағы спорт кешені және өңір тұрғындары белсенді пайдаланатын басқа да маңызды әлеуметтік нысандар бар.

Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар өңірлік инфрақұрылымды нығайтуға, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және Қазақстан өңірлерінің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




