Таразда су ресурстарына қажетті смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 09:01
- 85
"Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Yellow River Engineering Consulting Co. Ltd компаниясының директоры – бас экономисі Ин Дэвэнь қол қойды. Шетелдік делегация құрамында Leture Technology және Cheng Cheng Group компанияларының басшылары да болды", – делінген ресми ақпаратта.

«Біз бірнеше бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Ең алдымен, автоматтандыру мен цифрландыруды міндетті түрде енгізе отырып, ирригация жүйелерін реконструкциялау. Екіншісі - кадр даярлау. Соңғы екі жылда біз қытайлық кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастық орнаттық. Мысалы, биыл Power China компаниясының есебінен су шаруашылығы саласындағы 125 маман Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтті», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, сондай-ақ су тасқыны мен төтенше жағдайларды ерте ескерту жүйелері шығарылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды – Қарашөкеев
- 1 желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




