«Сақ стилі» сериясынан номиналы 1000 теңгелік жаңа банкнотаның қорғаныш элементтері туралы
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 05:19
- 58
Бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан төртінші банкнота. Ол дәстүрлі қазақ орнаментінің бастау көзі саналатын «Сақ стилінің» элементтеріне негізделген және ел мұрасы – көшпенділердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі тарихын бейнелейді. ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан әр адам өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер бар екенін еске салады және 2025 жылғы үлгіде шыққан жаңа дизайндағы 1000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынады. Осы әдіс банкноталардың түпнұсқасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы: Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған. Банкнотаның бет жақ шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі. Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде екі түсті қорғаныш жіп те бар. Жарыққа тосқанда ол біртұтас жіп ретінде анық көрінеді.
Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және қызғылт-сары түстердің өзара әсерінен пульсация түрінде динамикалық эффект пайда болады. Сонымен қатар банкнотаның бет жағында артефакттың жарқыраған алтын бейнесі түрінде патч голографиялық қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударып қараған кезде номиналдың цифрлық кескіні оюөрнекке ауысқанын байқауға болады.
Банкнотаның екінші бетінде артефактың көлемі бейнесін көрсететін Спарк элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді. Кейбір жекелеген көркем элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояумен басылған. Локальды су белгісінің қорғаныш элементі – электротип.
Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.
Номиналы 1000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтері туралы ақпараттық материалмен мына сілтемелерге өтіп танысуға болады: https://nationalbank.kz/kz/news/ zashchitnye-elementy-na-banknotahnacionalnoy-valyuty---tenge, ҚҰБ YouTube-арнасы: https://www.youtube. com/watch?v=AJuKWstEj5E Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7262) 99-93-41, ішкі 2832, 2835.
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!
- 6 желтоқсан, 2025
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




