Осы орайда аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасында апта сайынғы өтетін жиналыста басқарма басшысының тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қызметкерлермен сұхбат жүргізіліп, құқықтық оқыту сағаттары ұйымдастырылып тұрады.
Жиналыстарда:
– Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді әділ қабылдауды қамтамасыз етуге;
– Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдар мен өзге тұлғалардың қызметіне әсер ету үшін қызметтік дәрежені пайдаланбауға;
– Әріптестерге, басшыларға және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлық бермеуге және лауазымды өкілеттікті пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не басымдықтар алу үшін қызметтік емес қызметтер көрсетпеуге;
– Көзделмеген құжаттарды талап етуді болдырмауға, сондай-ақ қызметтер мен өзге де функцияларды көрсету барысында қағазбастылықтан (бюрократиядан) барынша қашуға;
– Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға тартқан жағдайда, басшылыққа мәлімдеуге;
Сыбайлас жемқорлық танытуды болдырмауға міндетті екендіктері айтылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмендейді. Сол себепті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады. Осыған байланысты, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері барынша автоматтандырылған.
Осы жасалып жатқан саясаттың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатын көздейді.
Роза ПІРІМҚҰЛОВА
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бұрын сөзбен шешілетін мәселе қазір құжатпен шешіледі
- 9 желтоқсан, 2025
Заң және тәртіп – қоғамның негізі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




