Ағымдағы жылдың 10 айындағы қорытынды бойынша қала аумағында кәмелетке толмағандар 41 қылмыс жасаған. Оның ішінде, мектеп оқушыларымен 19 қылмыс, колледж білімгерлерімен – 18, еш жерде оқымайтындармен 11 қылмыс орын алған, жоғары оқу орындарының студенттерімен 2 және Өзбекстан Республикасының азаматымен 1 қылмыс жасалған. Орын алған жалпы қылмыстың 72,5 пайызы немесе 11 дерегі бұл бөтеннің мүлкін ұрлау және 3 дерегі автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, 7 дерегі алаяқтық және 5 бұзақылық, 3 дерегі тонау, 6 дерегі деңсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстары.
Жасөспірімдердің қылмысқа бару себебі, әлеуметтік теңсіздік, өзінің арасындағы басқа балаларға еліктеп, қымбат ұялы телефон немесе сәнді киім алуға және тағы басқа да қызығушылыққа ұмтылғандығынан. Өз-өзіне қол жұмсау (суицид) мәселесі бойынша биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша суицидтің 9 дерегі тіркелді, оның 5 дерегі өліммен аяқталды. Суицид деректері 3 қыз бала, 6 ұл бала арасында орын алған, олардың 7-і мектеп оқушысы, 2-і колледж білімгерлері. Толық отбасынан шыққаны – 5, толық емес отбасынан шыққаны 4 бала.
Биылғы он айда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған 62 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 33,3 пайызға төмендесе, керісінше ауыр қылмыстар 90 пайызға өскен. Сондай-ақ орта дәрежелі қылмыстар 56 пайызға төмендесе, кішігірім қылмыстар 18,2 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ есепті кезеңдегі қорытынды бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санынан жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс санаты 9 дерекке, яғни, 52,63 пайызға төмендеген, оның ішінде, зорлау 66, 7 пайызға төмендеген. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу қиын, өйткені әрбір екінші қылмысты үй-жайға жақын адамдар, бірге тұратын өгей әкелері, көршілері және жақындары жасайды.
Тіркелген деректерді талдау кезінде анықталғаны, ең алдымен, жұмыссыз халық санының өсуі, интернетжелілердің қолжетімділігі, атааналар тарапынан өз балаларының қауіпсіздігі мәселесіне аз көңіл бөлуі, олардың байланыстары мен бос уақытын бақылаудың жеткіліксіздігі себеп болып тұр. Барлық жыныстық қылмыстар бойынша өткен жәбірленушілердің отбасылары туралы мәліметтерді талдау көрсеткендей, 9 жәбірленушінің 4-і кәмелетке толмаған толық емес отбасыларда тұрады, 5 жәбірленуші толық отбасында тұрады.
Бұл ретте, осы отбасыларға зерделеу барысында заңды өкілдер тарапынан 1 «маскүнем», 1 «ұрлықшы» санаттары бойынша есепте тұрған. Күдіктілердің негізгі жасы 17-28 жас аралығында, 8 ересек тұлғаның орта білімі бар. Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында 1371 рейд ұйымдастырылды, оның 941-і мектеп жанындағы рейдтік іс-шаралар. Рейд барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің түрлі баптары бойынша 4938 әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы орайда күнделікті өткізген рейдтік және профилактикалық шаралардың нәтижесінде, түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Тараз қалалық полиция бөліміне 3672 кәмелетке толмаған жеткізілді. Сонымен қатар 276 кәмелетке толмаған, 101 жайсыз отбасы анықталып, есепке қойылды. Қазіргі таңда полиция бөліністерінде 220 жасөспірім және 104 жайсыз отбасы есепте тұр, 44 тұлға ата-ана құқығынан айырылды немесе шектелді, арнайы мектепке 12 жасөспірім оқшауландыру бағытында қызметкерлермен жұмыс жүргізілуде, 110 кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда ювеналдық полиция қызметкерлерінің тарапынан 99 іс қаралды. Оның ішінде, атааналық құқығынан айыру немесе шектеу бойынша – 51, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша – 7, оқуға орналастыру бойынша – 7, арнайы мектепке орналастыру – 13 іс-құжат, үйінен кеткендер – 13, құқық бұзушылық жасағандар 8 құжат бойынша. Кәмелеттік жасқа толмағандардың аумақтық инспекторлары, қала аумағында орналасқан барлық білім беру орындарында, мамандармен бірлесе отырып, ата-аналармен, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жиналыстары жүйелі түрде өткізілуде.
Арайлым ІЗБАСАР
Тараз қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




