«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қоғамдық тәртіпті сақтау – қылмыстың алдын алады

Қоғамдық тәртіпті сақтау – қылмыстың алдын алады
Автор
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев Ішкі істер министрлігінің аумақтық органында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және оларды ашу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттерінің жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді.

Отырысқа Адам құқықт ары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев, полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сейітжан Үйсенбаев қатысты. Өңірімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпаратты тыңдау барысында кеңес мүшелері букмекерлік кеңселер, есірткі заттардың саудасы, буллинг, кибербуллинг, жылдамдықты өлшеу құралдары, Бурыл ауылында маусым айында орын алған жол-көлік апаты, полиция қызметкерлеріне түскен арыз-шағымдар, қылмыстарды ашу деңгейлері, Қордай асуындағы белгілер туралы сұрақтар көтерді. Полиция полковнигі Бауыржан Дәулетханұлы кеңес мүшелерінің сұрақтарының қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берді.

– Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 3706 құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға жоғары. Өздеріңіз білетіндей, департамент қызметінің негізгі бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен жұмыс жүргізу. Департамент тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді. Жұмыстың маңызды бөлігі – тұрғындармен кездесулер, жастармен жұмыс, құқықтық білім беру. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді: патрульдеу, көше қылмыстарының алдын алу, есірткі саудасына қарсы іс-қимыл және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың жеке қауіпсіздігін және мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Бейнебақылау инфрақұрылымын дамыту 2025-2030 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жо спарына сәйке с, автомобиль жолдары басқармасы және облыс әкімдігімен бірлесіп, биылғы жылы қосымша 800 камера және 96 «Сергек» автоматтандырылғын байланыс комплексі орнатылды. 2021 жылдан бастап «Жаппай бейнебақылау» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта 1807 камера орнатылып, тәулік бойы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. 2022 жылы соқыр аймақтарды жою үшін қосымша 282 камера орнатылды. Бұл шаралар қызметтік ашықтықты, бақылауды және қауіпсіздікті айтарлықтай күшейтті. Адам құқықтарын сақтау – облыстық полиция департаменті жұмысының маңызды бағыты. Біздің күш-жігерімізге қарамастан, бірқатар мәселелер бар. Алыс елді мекендердегі халықпен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі, қызметкерлердің шамадан тыс жүктелуі, сондай-ақ халық тарапынан толық ашықтық пен сенімді қамтамасыз етудегі қиындықтар кездеседі. Сондайақ азаматтардың құқықтарының бұзылу жағдайлары орын алуда, бұл ішкі бақылауды тұрақты түрде жетілдіруді және қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруды талап етеді. 2025 жылдың 11 айында Конституциялық құқықтардың бұзылуына қатысты 4 жағдай тіркелген. Барлық істер айыпталушыларды толық ақтаумен тоқтатылған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 7 дерекке азайған. Облыстық полиция департаменті заңдылықты қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Есепті кезеңде тергеу желісі бойынша жалпы 121 азамат қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша жүгінді. Оның 9-ы қанағаттандырылды, 94 өтінішке мәні бойынша түсіндірме жауаптар берілді, 18 өтінішке негізді түрде қанағаттандырудан бас тартылды. Әрбір өтініш, шағым және жүгіну бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша жауаптар беріледі. 2025 жылы барлығы 18 мың 274 өтініш түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,7 пайызға көп, оның ішінде 1 мың 128 полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен, бұл өткен жылғы деңгей шамасында (1134). Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша 83 пайыз жағдайда шағымдар негізсіз деп танылды, алайда 17 пайызына қызметтік тергеу жүргізіліп, нәтиже сінде кінәлі қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылды. Қолданыстағы қиындықтарға қарамастан, біз қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған барлық шараларды қабылдаймыз. Талдау көрсеткендей, полиция қызметкерлері қылмыспен тиімді күресу мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылады. Атап айтқанда, 2025 жылы қылмыстарды ашу деңгейі жоғары болып қалып отыр – жалпы қылмыстардың 60,6 пайызын құраған, өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгеріс жоқ. Сонымен қатар айыптарды алу немесе ақталмаған негіздер бойынша тоқтатылған істердің саны салыстырмалы түрде тұрақты болып қалып отыр, бұл тергеу сапасының артып келе жатқанын көрсетеді, – деді Бауыржан Дәулетханұлы.

Ерман ӘБДИЕВ

 

 

Ұқсас жаңалықтар