«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Басты мақсат – әл-ауқатты арттыру, өмір сапасын жақсарту

Басты мақсат – әл-ауқатты арттыру, өмір сапасын жақсарту
Автор
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев облысқа келген жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесті. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров модераторлық еткен жиында ең әуелі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз алып, маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүйелі жүзеге асыру жөнінде ой-пікірін ортаға салды. Келесі кезекте білім беру саласының ардагері Дәмеш Өскембаева баяндама жасап, білім саласына қатысты бірқатар маңызды бастамалардың көтерілгенін оң бағалады. Ал Жуалы ауданындағы Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы Жолдауда алдағы кезеңге арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары айқындалғанын жеткізді.

Өз кезегінде Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жол даудың мазмұны мен негізгі басымдықтарын нақты түсіндіріп, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізудің мемлекеттік саясаттағы шешуші кезеңге айналғанын баса айтты. Сондай-ақ ол өңірлерге арналған тапсырмалар мен алдағы реформалардың кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктеріне айрықша тоқталды.

– Жамбыл өңірі – әрдайым дамып келе жатқан аймақтың бірі. Инвестиция тарту қарқыны жоғары, әлеуметтік экономикалық бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Таяуда ғана елордада өткен баспасөз-брифингінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев облыстың даму барысы туралы толыққанды ақпарат берді. Брифинг барысында соңғы жылдары өңірдің жетістігі мол екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Жалпы, Президент биылғы Жолдаудың алғашқы бөлімінде күрделі халықаралық жағдайға жан-жақты талдау жасады. Шын мәнінде, бүгінгі кезең – өте қиын кезең. Әлем елдері арасындағы экономикалық және саяси тартыстар, ірі державалар арасындағы қайшылықтар жаһандық тұрақсыздықты күшейтіп отыр. Мұның әсері Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға да тікелей әсер етіп жатыр. Көршілес мемлекеттердегі жағдай мен шекара мәселелері сияқты факторлар да күрделене түсуде. Осындай сын сағатта біздің ең басты міндетіміз – мемлекеттілікті сақтау, тәуелсіздікті нығайту. Халықтың ішінде жүріп, елге қызмет ететін сіз бен біз үшін бұл ең жоғары құндылық болуы тиіс. Ақпараттық технология дамыған әрі жаңа заман орнаған тұста мемлекетіміз де жаңа талаптарға бейімделуі қажет. Қазақстан бүгінде цифрландыру бойынша алдыңғы 20 елдің қатарында. Жасанды интеллектіні әр салаға енгізу бойынша да алғашқы он мемлекеттің ішінде тұрмыз, тіпті кей бағыттарда АҚШ пен Қытайдан кейінгі үштікте келеміз. Десе де, Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық трансформация түпкі мақсат емес, оның басты мақсаты – азаматтардың әлауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту, елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент өз Жолдауында ауқымды саяси реформаларды жалғастыру қажеттігін айтты. 2022 жылдан бері елімізде жүйелі саяси, экономикалық, конституциялық өзгерістер жүзеге асып келеді. Жалпыұлттық референдумнан кейін Конституцияға маңызды түзетулер енгізілді. Суперпрезиденттік басқарудан президенттік-парламенттік республикаға өттік. Бүгінде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделі орнықты, – деді Мәлік Нұржанұлы.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы көтерілген мәселелер назарға алынып, жергілікті билік тарапынан бұл бағыттағы жұмыстардың жедел әрі сапалы түрде ұйымдастырылуына көңіл бөлінетінін жеткізді.

Президент кеңесшісі Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданындағы кітапханада белсенді жастармен де кездесті.

Жиын барысында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Азамат Лесбек, облыстық «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірле стігінің төрағасы Азамат Нәмелбек Жолдауды жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қат ар жаст ар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, оған нақты жауап алды.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар