Олар, діни уағыздарын психологияға әсер ететін эмоциялық шешендікпен жеткізіп интернет ресурстарын осы сияқты ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың дәстүрлі діни түсінігіне теріс ықпалын тигізу арқылы санаға сұрақтар қояды. Көп жағдайда осы радикалды идеологиялық ықпалға оп-оңай бой алдыртатын рухани иммунитеті төмен тұлғалар радикалды діни насихаттың қызметі үшін ыңғайлы нысанға айналып отыр.
Зерттеу нәтижесінде радикалды діни ағымдардың қатарында жастардың көрсеткіші жоғары. Негізінде әрбір ағым өкілдері жастарымызды өздерінің ықпалына қарай саяси мақсатта қолдануға тырысады. Мысалы, кез келген жасөспірім жаңашылдыққа талапшыл болып келеді. Жаңа құбылысты үйренуге, оның қыр-сырын игеруге немесе оны білуге құштарлық танытады. Сонымен қатар әрдайым ғаламторда ақпарат алаңының алдында отыратын да – жастар. Өзіне керекті мәліметтерді іздеу барысында осы діни ағым өкілдерімен кездейсоқ танысатын да жастарымыз. Жастардың радикалды діни ағымдардың шырмауында кетуінің бірнеше себептерін атап көрсетуге болады.
Сыни ойлау қабілеті төмендігі, қоғамға деген әрі адамзат баласына мейірім мен төзімділіктің жетіспеуі, бойындағы өшпенділікпен біржақтылық пікірдің қалыптасуыда өзінің әсерін береді, дәстүр, рухани құндылықтарды білмеу, діни біліммен ақпараттарды алуға интернетке деген тәуелділік, тағы басқа факторлардың әсері жоқ деп те айта алмаймыз. Алайда жаңа заманның жетістігі ғаламтор, бұл қоғаммен сананы үлкен қозғаушы күшке айналды. Қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздік деңгейі төмен әлеуметтік желідегі ақпарат тұтынушылар радикалды идеологияның шырмауына оңай олжасына айналуда, онымен қоса зиянын тигізіп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, радикалды діни ағымдардың өкілдері өз алдарына ғаламторда ислам құндылықтарына қатысты атаулармен, атымен заты сәйкес келмейтін сайттар арқылы күмәнді уағыздарын айтуда.
Діни ақпарат алу мен қатар дәріс үйренушілер көп уақытын компьютер алдында өткізетін жастардың санасын шатастыруға тырысып бағуда. Кейбір қалыптасқан қазақи дәстүрлерді терістеу, атаанасы намаз оқымаса оны тыңдамау ислам мемлекетіне хижрет жасау деген секілді түсініктер қалыптастыру, бұл қоғам тұрақтылығымен өркендеуі үшін дұрыс жағдай емес. Жалпы, ғаламторды толық бақылау қиын іс. Қазіргі таңда ғаламтордағы күдікті діни сайттар мен теріс мазмұнды мәліметтерді олардың әлеуметтік жарыққа шығуын қадағалап, барынша тосқауыл қойылуда. Сонымен бірге қазіргі таңда мемлекетіміздің «Діни қызмет – діни бірлестіктер» туралы заңы аясындағы жұмысы осы олқылықтардың алдын алып қалыпты жүйеге келтірді.
Жастарымызды радикалды діни идеологиядан сақтандыру жолдарының бірі – ақпараттық қауіпсіздікті арттыру, сонымен қатар сыни ойлау қабілетін көтеру, дәстүрлі рухани құндылықтармен сусындату, жетілдіру. Қоғаммен жеке тұлға радикалды діни идеологияның шырмауына түсіп жат ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағымен іргесіне зиянын тигізері анық.
Ендеше сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай қоғам өрбитіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан, бұл олқылықтың алдын алу үшін ең біріншіден әрбір ата-ана өзін, одан кейін баласын жастайынан жетілдіріп, дұрыс адами қасиеттерді бойына сіңдіре білу қажет. Бала кезден дұрыс рухани тәлім-тәрбие ала білген жасөспірім болашақта отансүйгіш, елжанды азамат болары сөзсіз. Дін – білгенге рухани азық, бағыт берер – қазық.
Мақсат МЫРЗАҒАРАЕВ
облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» аудан бойынша инспекторы.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




