Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал азамат» ұғымының мәнін және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар екенін 2024 жылы 15 наурызда Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайдың отырысында айтқан болатын. Ал 2023 жылдың 17 маусымында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбы талқыланды. Бұл жоғарыдағы қағидаттың заңды жалғасы.
– Президент Жарлығымен 2025 жылы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Ішкі саясат қағидаттары мен негізгі құндылықтары бекітілді. Басты идея – баршаға бірдей мүмкіндік беретін ашық, қуатты және дамыған ел, жауапты әрі өркениетті қоғам – Әділетті Қазақстанды құру. Ішкі саясаттың қағидаттары мемлекеттік құрылыстың бірыңғай бағдарларын айқындайды. Мысалы, «Заң мен тәртіп» – құқықтық мемлекеттің негізі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – өзара іс-қимыл құралы. «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» – өзара түсіністік орнату жолы. «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» – басқару үлгісі. «Адал азамат» – ойлау пайымы, азаматтық ұстаным. «Таза Қазақстан» – мінез-құлық пен жүріс-тұрыс этикасы. Жалпыұлттық құндылықтар – тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Президент: «Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Мен ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр. Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек», – деген болатын. 2025 жылдың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы елімізде биылдан бастап «Адал азамат» атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізілетінін хабарлады. Бастаманың мақсаты – қоғам өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік, экологиялық жобалар мен волонтерлік бағдарламаларға азаматтарды кеңінен тарту. Бүгінде мектептердің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы нәтижесінде – балаларды парасаттылыққа, адалдыққа, инновация – жаңашылдыққа тәрбиелейді. Педагогтер адалдық, жауапкершілік, әділдік сынды құндылықтарды насихаттап, оларды оқу-тәрбие процесіне күнделікті енгізіп келеді. «Адал азамат» бағдарламасының негізгі қағидаттары – адалдық, жауапкершілік, әділдік пен өзара көмекке дайын болу. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, Атыраудағы сөзінде Президент қоғамдағы 5 кеселге қарсы күрес жариялады. Атап айтқанда, есірткіге, вейп пен насыбайға, лудомания, құмарпаздыққа, тұрмыстық зорлықзомбылыққа, буллинг, агрессияға, вандализм мен ысырапшылдыққа қарсы тұруға шақырды. Өңірдегі мамандандырылған күзет қызметі құрамының алдында тұрған мақсат – халыққа, мемлекетке адал қызмет көрсету, антқа адал болу, ел үмітін ақтау, – дейді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев.
Сонымен қатар жиын «Мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы күрес» тақырыбындағы ақпараттықтүсіндіру семинарына жалғасты. «Адал азамат» идеясын ілгерілету шеңберінде бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған жол картасының мақсатының бірі – мемлекеттік қызметшілерді патриотизм мен кәсібилік құндылықтарына сай саналы түрде қалыптастыру, олардың адамгершілік-әдептілік бейнесін нығайту. Іс-шараға қатысушылар темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат алды.
Семинар барысында темекі шегудің жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесіне әсері сондай-ақ никотиндік тәуелділіктің психологиялық аспектілері жанжақты талқыланды. Жалпы, ісшараның ұстанымы – мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және «Адал азамат» идеясын ілгерілетуге сай келеді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




