Іс-шараға мектеп және колледж директорлары, педагогтер, психологтар, ата-аналар комитетінің мүшелері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Форумда аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков сөз сөйледі.
Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов құқық қорғау органдары мен тұрғындардың өзара ықпалдастығының маңызын атап өтті. «Qazaqstan Dauiri» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы құқықтық мәдениет тек заңмен ғана емес, қоғамның оған деген көзқарасымен қалыптасатынын айтты.
– Күшті қоғам – заңға формалды емес, саналы түрде қарайтын қоғам. Құқықты құрметтеу – тұрақтылық пен дамудың негізі, – деп атап өтті ол.
Керуен барысында тұрғындар мамандарға түрлі өтініштерімен жүгініп, заң аясында нақты кеңестер алды. Масанчи ауылында өткен қабылдауға келушілер қатары көп болды. Тұрғындар көп жиналып, белсенді қатысты: көпшілік құқықтық мәселелер, әлеуметтік кепілдіктер, жер мәселелері және әкімшілік рәсімдер бойынша жүгінді.
Жалпы, «Заң мен тәртіп» керуені Жамбыл облысының үш ауданын қамтып, 10 мыңға жуық тұрғынды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етті.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




