Қауіпсіздікті, үнемшілдікті, тазалықты көздеген «Ақылды үй» жобасын жақында Жамбыл ауданындағы Айшабибі орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Салтанат Теміржанова ұсынды. Ұстаздың ұсынған жобасы жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейді.
– Ақылды үй–заманауи технологиялармен жабдықталған, тұрмыстық құрылғыларды автоматты немесе қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйе. Барлық жүйелер – жарық, жылу, су, қауіпсіздік, тұрмыстық техника – бір орталық арқылы басқарылады. Жасанды интеллект – ақылды үйдің басты өзегі. Ол адамның күнделікті әдетін талдап, өмірді жеңіл әрі қауіпсіз етеді. Жасанды интеллектінің ақылды үйдегі рөліне тоқталар болсам, автоматтандыру, бейімделу, қауіпсіздік, дауыспен басқару, энергия үнемдеу бағыттарын қамтамасыз етеді. Автоматтандыруда жарық, жылу, су жүйесін өзі реттейді. Бейімделу бағытын айтсақ, адамның өмір салтына қарай басқарады. Қауіпсіздікте – бейнебақылау, өртті немесе газ ағып кетуді анықтайды. Дауыспен басқару – бұл смартассистенттер арқылы үйді басқару. Энергия үнемдеу – артық қуат жұмсауды болдырмайды, ؘ– дейді ізденімпаз мұғалім Салтанат Қайратқызы.
Ақылды үйдің басты мақсаты – тұрмысты жеңілдету, қауіпсіздікті күшейту, энергия мен уақытты үнемдеу, смарт-технологияларды тұрмысқа енгізу. Ақылды үй мен жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгінгі күннің шындығы. Олар өмірді жайлы, қауіпсіз және тиімді етеді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




