Жобаның инвесторы «Unigreen Energy» ЖШС, ал жоба операторы «АЕС Аsa» ЖШС болып табылады. Жобаның жалпы құны 20,8 миллиард теңгені құрайды.
– Серіктестік алдағы уақытта тағы 20 мегаваттық күн электр стансасын салуды жоспарлауда. Оның мегаватын кезең кезеңімен көбейту үшін Жамбыл ауданы аумағынан 300 гектар жер телімін алған, – дейді станса басшысы Жандос Райбекұлы.
Құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, жақында ғана пайдалануға берілген күн электр стансасының құрылысын украиналық «Родина» ЖШС жүргізген болатын. 110 гектар аумақты алып жатқан стансаға 100 мың күн панелі орналастырылған. Треккерлер жүйесі арқылы панельдер күн шығуына қарай қозғалып отырады. Бұл панельдердің бір артықшылығы екі жағынан да жұмыс істейді. Мәселен, қыс ауасында жерге түскен қардың күнге шағылысқан сәулесі арқылы да панель энергия қабылдауға қауқарлы. Бұл панельдер Ресей мен Қытайда шығарылған. Онда 15 адам еңбек етуде.
«Бұл күн электр стансасының өзге стансалардан артықшылығы қозғалмалылығында. Ондағы панельдер күн сәулесінен көп энергия жинап қана қоймай, күн көзінің бағытына қарай қозғалып, сәулені көбірек тартуға тырысады. Сонымен бірге қатты желге де төтеп бере алады. Қатты желде панельдер нөлдік деңгейге автоматты түрде қосылып, зақымданудан сақталады. Сол үшін оны үнемі бақылап отырамыз. Осылайша уақыт талабына сай автоматтандырылған жаңа күн электр стансасы қарапайымдылығымен де ерекшеленеді. Енді оның қуатын тағы 20 мегаватқа арттыру көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстарын биыл бастау жоспарлануда» – дейді ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




