Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруінің өзі әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Ол үшін тіпті әкімшілік жаза да қарастырылған. Мәселен, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойынсауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға мәжбүрлейді. Ал осы көрсетілген әкімшілік жазалар қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескеру қажет.
Өкінішке қарай, аталған ережелерді жасөспірімдердің барлығы бірдей сақтай бермейді. Сол себепті кей жағдайларда ата-анасының бақылауы жеткіліксіз болуы с а лдарынан жасөспірімдер тұрғынжайдан тыс жерге кетіп, әрқилы құқықбұзушылықтар мен қылмысқа барады. Мәселен, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өткен жылдың 11 айында 51 тұлғаға қатысты 42 қылмыстық іс келіп түскен. Оның басым көпшілігі Қылмыстық Кодекстің 188-бабымен (ұрлық), 188-1-бабымен (мал ұрлау), 122-бабымен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 191-бабымен (тонау) қозғалған істер. Ал есепті кезеңде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа 60 іс келіп түскен. Оның басым көпшілігі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша қозғалған істер.
Тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқықбұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Дәлірек айтқанда, түсінбейді немесе жеткілікті ұқпайды. Сол себепті кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүрістұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын және ашық түрде сөйлесіп, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы қажет-ақ.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




