«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

42 көрсеткіштің 29-ы орындалды

42 көрсеткіштің 29-ы орындалды
Автор
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың есебі тыңдалды.

Кеңес төрағасы Жұмахан Тәнкебай жүргізген жиында алдымен облыстық филиал төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партиялық кеңестердің ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын алға тартты. Бұдан соң Бақытжан Әмірбекұлының есебі тыңдалды. Рас, бүгінде қала аумағы кеңейген, екі аудан қосылды. Сондықтан бөлімдерге жүктелген міндеттемелер еселеніп отыр.

– Партияның 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында Тараз қаласына барлығы 62 көрсеткіш болса, оның ішінде 2025 жылға 42 көрсеткіш белгіленген. Мұның бүгінде 29 көрсеткіші орындалды, 10 көрсеткіштің жыл қорытындысымен орындалуы күтілуде, ал 3 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар. Жол картасының әр бағыттарына тоқталып өтейін. Бірінші «Аймақтың экономикасының дамуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту» бағыты бойынша 9 көрсеткіштің 7 көрсеткіші орындалды, 2 көрсеткіштің жыл қорытындысымен орындалуы күтілуде. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер арасында меморандумдар жасау жоспары 20 меморандум. Бүгінгі күнге дейін нақты 21 меморандум жасалды. Биылғы жоспар 6,8 мың жұмыс орнын құру болса, бүгінгі күні 16,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 63 мың адамға дейін өсуін қамтамасыз ету болса, орындалуы 76,7 мың адамды құрады. «Туристік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» бойынша – жоспар үш іс-шараға бекітіліп, толық орындалды. Олардың құны – 35 миллион теңге. «Қолөнершілер үйі» және «1000 оқушыға арналған туристік маршруттар» және «Үздік қолөнерші» конкурсы ұйымдастырылды. Екінші бағыт «Жүйелерді жақсарту» бойынша 7 көрсеткіш белгіленсе, орындалғаны – 6 көрсеткіш, 1 көрсеткіштің жыл соңына дейін орындалуы күтілуде. Жоспар бойынша биыл 28 үй, 1680 пәтер тапсыру көзделген, нақты уақытта 41 үй, 1432 пәтер тапсырылды. 1 қарашаға берілген бюджет есебінен 10 үй, 540 пәтер тапсырылды. Жеке инвестиция есебінен 31 үй, 892 пәтер тапсырылды. Қалаішілік жолдарды жөндеу жоспары 40 шақырым, орындалуы 105,6 шақырымды құрады. Қаланың 63 көшесі жөнделіп, 35 көшесіне шағал төселді. Тараз қаласының автобус парктерін жаңарту бойынша биылға жоспар 15 автобус болса, қалаға 71 жаңа автобус жеткізілді. 2,7 шақырымды құрайтын жылу желілерін күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспары 4,2 шақырымға орындалды. Қаламыздағы 1,5 шақырым М-1, 0,7 шақырым М-3 және «Ұлы Дала» шағынауданындағы 1,1 шақырым жылу құбырлары жаңартылды. Электр желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспар 30 шақырым болса, орындалғаны 35,8 шақырымды құрады. Биыл қаламыздың 85 көшесін жарықтандыру жоспарланған болатын. Оның ішінде 63 көшесі 2025 жылы жарықтандырылып, 8 көшенің жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде және 14 көшенің жұмыстары 2026 жылға ауыспалы. Ағымдағы жылы қаланың 63 көшесі жарықтандырылып, жоспар бір көшеге артығымен орындалды. Үшінші бағыт «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру» бойынша 17 көрсеткіш бекітілген. Ағымдағы жылдың 10 айында 9 көрсеткіш орындалды, 7 көрсеткіштің жыл соңына дейін орындалуы күтілуде, 1 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар. Орындалған негізгі көрсеткіштерді атап өтсем, жоспар бойынша 1 мектепті пайдалануға беру болса, ағымдағы жылы «Ұлы Дала» шағынауданында екі мың орындық мектеп іске қосылды. 5 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары да толық орындалып отыр. Осы жылы №1 мектеп гимназиясына, №13, №25 орта мектептеріне, №45 мектеп гимназияның 1-ші және 2-ші корпустарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрады. Биыл 300 спорттық жарыс пен бұқаралық спорттық ісшаралар ұйымдастыру жоспарланса, нақты 458 іс-шара өткізілді. «Денсаулық сақтау нысандарын салу және іске қосу» бойынша жоспардың орындалмау қаупі бар. Тараз қаласында 4 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Алайда бюджет тапшылығына байланысты бұл нысандардың құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі болмай отыр. Яғни, 200 орынға арналған Перинаталдық орталық бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге облыстық бюджеттен 10 миллион теңге қаралған. Жобалық-сметалық құжатты толық аяқтауға 70 миллион теңге қажет. Нысанның болжамды құны 30 миллиард теңгеден асады. «Тараз қаласында жедел медициналық жәрдем ст анциясы құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге 30 миллион теңге қарастырылып, жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, сараптама қарауында. Жобаның болжамды құны 2,1 миллиард теңгені құрайды. 70 орындық Фтизиопульмонология балалар мамандандырылған шипажайының емдеу корпусының құрылысы бойынша жобалық сараптамалық құжаты әзірленуде. Патологиялық бюро нысанының құрылысы бойынша жобалық сараптамалық құжатты әзірлеуге қаржы қарастыру қажет. денсаулық сақтау саласы облыстық бюджетке қарасты болғандықтан, бұл жұмыстарға денсаулық сақтау және құрылыс басқармалары тікелей жауапты. Төртінші бағыт «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау » бойынша 7 көрсеткіш белгіленген. Оның ішінде, 5 көрсеткіш орындалды, 2 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы 260 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу жоспарланса, 10 айдың қорытындысымен 321 нысан бейімделді. Жазғы кезеңде «Жасыл ел» еңбек жасақ ұйымдары арқылы 440 жасты жұмыспен қамту жоспарланған, нақты қамтылғандардың саны 480 жасты құрады. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын І, ІІ, ІІІ және ІV тоқсанға 38250 мың теңге бөлініп, 450 жасты уақытша жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі уақытта 480 жас жұмыспен қамтылды. Орындалмау қаупі бар көрсеткіштер, «Тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнесбастамаларды іске асыруға гранттар беру (400 АЕК дейін)» жоспары – 430 грант, берілгені – 212 грант. Орындалмаудың себебі 2025 жылға республикалық бюджеттен тек 214 грантқа қаржы бөлінген. Конкурстық негізде 111 жас кәсіпкерге жылдық 2,5 пайызбен жеңілдікпен несие беру жоспарланып, 2025 жылға республикалық бюджеттен бұл мақсатқа қаржы бөлінбеуіне байланысты орындалмады. Бесінші бағыт «Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды күшейту» бойынша 2 көрсеткіш белгіленіп, 2 көрсеткіш толық орында лды. Олар, қа ла аумағында 20 мың дана ағаш отырғызу жоспары бойынша бүгінгі таңда 36 мың дана ағаш отырғызылды. «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 25 мың тал, «Әулиеата» ауданына 7 мың және «Жібек жолы» ауданына 5 мың тал. Қалада қоқыс жинауға арналған контейнерлерді орнату жоспары 111 дана болса, биыл 200 контейнер қойылды, – деді Бақытжан Орынбеков.

Бұдан соң партия облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі, зерделеу топтың жетекшісі Қасымхан Төлендиев Тараз қаласында кеңес отырысына тиісті материалдар дайындау үшін алдын ала зерделеу жұмысы жүргізілген болатын, осы зерделеудің қорытындысымен таныстырды.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар