Ендігі жерде салық агенті салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі белгіленген мерзім өткен соң салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастырады. Салық агенті өз бетінше қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы өзгеріс енгізе алады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етпеу туралы хабарламасының күші жойылады, тиісінше №17 хабарлама бойынша шоттың бұғатталуы да жойылды. Мұндай автоматты режим Қазақстанның жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңашылдықтардың бірі болмақ.
Бұл шағын бизнес үшін маңызды өзгеріс: стресс пен қателер азаяды, қағазбастылыққа емес, жұмыстың өзіне көбірек уақыт бөлінеді. Ең бастысы – декларацияны уақытында тапсырмағаны үшін енді айыппұл салынбайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 272- бабы, 1 және 2 бөліктері енді қолданылмайтын болады. Бірақ сонымен бірге салық төлеушінің «белсенсіз салық төлеуші» деген мәртебесі сақталатынын ескеру қажет. Яғни, егер салық төлеуші бір жыл бойы салық есептілігін тапсырмаса, мұндай санаттағы тұлғалар белсенсіз салық төлеуші ретінде танылады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі аясында салық есептілігі нысандарының саны 30 пайыға қысқарады.
Қолданыстағы 39 нысанның 12-сі алынып тасталады. Бұл – салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру мен салық төлеушілер үшін рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған қадам. Қысқартылатын нысандардың қатарына мыналар кіреді: 101.01 (автоматтандыруға байланысты), 180.00 (100.00 нысанына біріктіріледі), 240.00 (270.00 нысанына енгізіледі), 421.00 (400.00 нысанына енгізіледі), сондай-ақ 540.00, 560.00, 570.00 (қолданыстағы нысандардың қосымшалары ретінде) және 701.00, 871.00, 911.00, 912.00, 913.00 нысандары.
Есептілікті тапсыру мерзімін ұзарту немесе бұрын ұсынылған нысандарды қайтарып алу көзделмеген – барлық рәсімдер цифрлық форматта жүргізіледі, бұл салықтық әкімшілендірудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер цифрландыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды тиімді етуге бағытталған.
Меруерт БЕКМҰРАТОВА
облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы басшысының м.а.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




