Заң бұзушылық еңбек қатынастарын рәсімдеуде орын алған
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2025
- 281
Еңбекақы төлеу бойынша өткен жылы 6, биыл 12 бұзушылық тіркеліп отыр. Бұл – педагогтердің біліктілік санаттарына сәйкес қосымша ақы дұрыс көрсетілмеген, ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 2-тармағы сақталмай, ай сайынғы жалақы туралы ақпарат жазбаша/электронды түрде берілмеген, уақытша болмаған қызметкердің міндетін атқарғаны үшін ақы бұйрықта дұрыс рәсімделмеген бұзушылықтар. Ал жұмыс және демалыс уақыты бойынша өткен жылы 22, биыл 16 бұзушылық тіркелді.
Атап айтсақ, жұмыс уақытының жиынтық есебі жүргізілмеген, қоса атқарушылардың жұмыс уақыты негізгі жұмыс уақытымен сәйкес келген, балабақшаларда педагогпсихологтар мен тәрбиешілердің жұмыс уақыты дұрыс есептелмеген.
Еңбек қатынастарын рәсімдеу бойынша өткен жылы 46, биыл 92 бұзушылық анықталған.
Мұндағы бұзушылықтар, еңбек шарттары толық толтырылмаған (28-бап);
еңбекақы, өтемақы және кепілдіктер нақты келісілмеген;
еңбек шарттарына уақтылы толықтырулар енгізілмеген (33-бап);
еңбек шарттары «Еңбек биржасы» бірыңғай жүйесіне енгізілмеген (23-бап, №353 бұйрық);
уақытша алынған қызметкерлермен шарттар дұрыс рәсімделмеген (30-бап);
педагогтерді қабылдау кезінде №57 бұйрық талаптары сақталмаған және тағы сол сияқты жағдайларға жол берілген. Еңбекті қорғау және тәртіп бойынша өткен жылы 37, биыл 49 бұзушылық болды.
Олар:
тәртіптік жаза қолдану кезінде акт жасалмаған;
арнайы киім толық берілмеген;
қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өтпеген;
Нұсқаулықтар барлық жұмыс түрлері бойынша әзірленбеген;
бұйрықтар мен кадрлық құжаттар дұрыс рәсімделмеген.
Ал өткен жылы 404 құқықтық қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың 10 айында 407 құқықтық қызмет көрсетілген. Оның 12 жазбаша кеңес, 5 арыз бойынша жұмыс жүргізілуде, 1 келісу комиссиясы, 3 бірлескен комиссия отырысы өткізілді. Былтыр телефон арқылы 207, биыл 216 құқықтың кеңес берілген. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынасында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан көлемінде 7 семинар, 87 құқықтық лекция өткізілді.
Семинарларда еңбек заңнамасы, ұжымдық шарттар және еңбек дауларын шешу мәселелері талқыланды. 2025 жылы кәсіподақ қызметінің экономикалық тиімділігі – 243 672 теңгені құрады. Бұл сома кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталған немесе төленбеген қаражаттардың қайтарылуы есебінен қалыптасты. Атап айтқанда, №7 Бетқайнар колледжінің қосымша білім беру педагогтері А.Абдулмаксут және Н.Исмагамбетоваға іссапар шығындарының толық төленбеуі жөніндегі өтініштері бойынша мәселе оң шешімін тапты. Жалпы биыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті еңбек заңдылығын сақтау, әлеуметтік әріптестікті дамыту және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізді.
Қоғамдық бақылау нәтижелері еңбек қатынастарының ашықтығын арттырып, еңбек дауларын алдын алу мен шешуге ықпал етті.
Бауыржан АЛПЫСБАЕВ
құқықтық инспектор.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




