Мәселен, еңбек қатынастарын рәсімдеуде аудандық білім мекемесінде бірқатар еңбек қатынасының бұзылуына жол берілген. Атап айтсақ, А. Макаренко атындағы орта мектепте еңбек шарттары 32-баптың 4-тармағы талаптарын сақтамай рәсімделген. К. Әзірбаев және Б. Момышұлы атындағы мектептерде еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтарда тоқтатудың негізі көрсетілмеген. Ал О. Жандосов атындағы мектепте еңбек жағдайы өзгергенімен, еңбек шартына тиісті толықтырулар енгізілмеген. Тағы сол сияқты мәселелер өзге мектептерде де орын алған. Ал жұмыс және демалыс уақыты бойынша Қуаныш және Жұлдыз бөбекжай-бақшаларында еңбек демалысы кестесі кәсіподақ комитетінің пікірі ескерілмей бекітілген.
Мойынқұм және С.Шәкіров атындағы мектептерде педагогпсихологтардың апталық жұмыс уақыты 36 сағат орнына 40 сағат болып белгіленген. Еңбекақы төлеу туралы айтар болсақ, С. Естемесов атындағы мектепте қызметкер зейнет жасына жетпей еңбек шарты тоқтатылған, өтемақы төленбеген. Ал әлеуметтік әріптестік және ұжымдық шарттар бойынша «Ертөстік» және «Бәйтерек» бөбекжайларында зиянды еңбек жағдайындағы қызметкерлерге қосымша ақылы демалыс берілмеген. О. Жандосов атындағы мектепте еңбек шарты кәсіподақ комитетінің пікірі ескерілмей бұзылған.
Еңбек тәртібі бойынша да бұзушылықтар тексеріс барысында анықталып отыр. Атап айтсақ, Еңбекші және Б. Момышұлы атындағы мектептерде тәртіптік жаза қолданғанда қызметкерлерден түсініктеме алынбаған. Сол сияқты өзге бұзушылықтарға тоқталар болсақ, М.Ғабдуллин атындағы мектепте зертханашыларды ішкі ауыстыру кезінде №57 және №96 бірлескен бұйрық талаптары сақталмаған.
Жалпы еңбек қатынастарының бұзылуына орай 61 тоқтам жасалып, 49 жұмыс берушіден жауап алынды. Сонымен тексеру барысында құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына түсініктеме берілді. Ал ендігі кезекте еңбек демалысына байланысты мәселелерге тоқталар болсам, биыл білім беру ұйымдарындағы қызметтік бөлмелерді тазалаушыларға сауықтыру жәрдемақысы мен қосымша 6 күн ақылы демалыс төленбеген. Бұл бойынша 18 маусымда кәсіподақ комитеті облыстық еңбек инспекциясына хат жолдады. Нәтижесінде, 04.07.2025 жылғы №ЗТ-2025-02032659 хатқа сәйкес аталған төлемдер толық көлемде жүргізілді. Шу ауданының білім бөлімінің №305 бұйрығымен 323 қызметкерге 32467637 теңге көлемінде жәрдемақы мен қосымша демалыс ақысы төленді. Бұдан бөлек, бүгінге дейін әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық салалық комиссияның бір отырысы өтті.
Сонымен қатар, педагогтерді лауазымға тағайындау және босату жөніндегі конкурстық комиссия жұмысына аудандық кәсіподақ өкілі ретінде қатысты. Жалпы бұл кезеңде комиссияға 13 өтініш түсіп, барлығына заң аясында жауап берілді. Ал комиссия тарапынан 934 құқықтық кеңес берілсе, оның 341-і жеке қабылдауда, 593-і телефон арқылы берілген.
Барлық өтініштер әлеуметтік әріптестік аясында өзара келісім арқылы шешілді. Ал келісу комиссиясының жыл басынан бері бір отырысы өтті. Онда Д. Қонаев атындағы мектептің мұғалімі Т. Андабаеваның еңбек шартының заңсыз тоқтатылуы қаралып, қызметіне қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақы төлеу туралы шешім қабылданды. Осы атқарылған жұмыстардың аясында кітапханашыларға тиесілі 30 пайыздық үстемақы қайта есептеліп, 9,1 миллион теңге, Т. Мусатаевқа 388933 теңге жәрдемақы, тазалаушыларға жәрдемақы және қосымша демалыс ақысы ретінде 32,4 миллион теңге төленген.
Елдана ТІЛЕУЖАН
құқықтық инспектор.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




