Семинардың ашылу салтанатында жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков іс-шараның мақсатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бақылау-тексеру комиссиясы кез келген кәсіподақтың ішкі құрылымындағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ететін негізгі орган. Оның мүшелерінің кәсіби даярлығы мен құқықтық сауаты кәсіподақ ұйымының беделі мен сенімділігінің көрсеткіші саналады. Сондықтан да бүгінгі семинарда бақылау-тексеру комиссияларының жұмысын жетілдірудің жолдарын қарастырып, ішкі бақылау жүйесін күшейте түсуді мақсат етіп отырмыз, – деді Жанболат Орынбеков.
Алғашқы болып дәріс өткен жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Жолшибекова бақылаутексеру комиссиясының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оның кәсіподақ құрылымындағы рөлі, атқаратын негізгі функциялары мен жұмыс принциптері туралы жанжақты түсіндірді. Келесі кезекте Жанболат Орынбеков «Бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің кепілдіктері» тақырыбында баяндама жасап, комиссия мүшелерінің еңбек құқықтарын, қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі заңмен бекітілген кепілдіктерін түсіндірді. Сонымен бірге комиссия жұмысының ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ал семинардың екінші бөлімінде кәсіподақтың біріккен комитеті филиалының есепші-маманы Ақжүніс Құрмашева «Бақылау-тексеру комиссиясының құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу тәжірибесі» атты дәріс өткізді.
Бұл сессияда қатысушылар нақты құжат үлгілерін талдап, есептілікті жүргізудің жүйелі тәсілдерімен танысты. Тәжірибелік мысалдар арқылы тексеру актілері мен есеп құжаттарын толтырудың тәртібін үйренді. Семинар соңында еңбек және салалық заңнаманы қолдану сұрақтарына арналған сұрақ-жауап сағаты өтіп, жиі кездесетін құқықтық сұрақтарға жауап берілді. Тыңдаушылар өз кезегінде семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мұндай ісшаралардың тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Диас МАРАТҰЛЫ
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




