Қаржы мәдениеті дамыған қоғамның ерекшелігі – азаматтардың қаражатқа жауапкершілігі жоғары, жоспарлы шешім қабылдауы және күтпеген жағдайларға дайын болуы. Қаржылық сауатсыздық болса, тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның әл-ауқатына әсер етеді. Мысалы, қарызға батқан адамдар саны көбейген сайын экономикалық тұрақтылық төмендейді, әлеуметтік шиеленістер туындайды, алаяқтық пен қаржылық қателіктерге ұрыну жағдайы артады.
Жеке адамның тұрмысындағы қаржылық білімнің болмауы түрлі қиындықтарға әкеледі. Біреулер ақшаны эмоцияға беріліп жұмсап, ай соңына жетпей қиналады. Басқалары жинағын инфляциядан қорғай алмай жоғалтады немесе онлайн алаяқтық құрбанына айналады. Мұндай жағдайда адамдар көбіне өздеріне кінә артады, бірақ түпкі себебі – білім мен тәртіптің жеткіліксіздігінде. Қаржылық сауаттылықтың басты артықшылығы – адамның еркіндігі. Жүйелі жоспар құрған адам өмірлік қиындықтардан қорықпайды, күйзеліс азаяды, материалдық тұрақтылыққа қол жеткізеді. Ақшаны басқаруды үйренген адам өзіне, отбасына, жұмысына және қоғамға сеніммен қарайды. Қаржылық сауаттылықтың арқасында адам өз табысын дұрыс бағыттай алады, болашаққа жоспар құрады және күтпеген шығындардан қорғанады.
Қазіргі цифрлық заманда қаржылық сауаттылықтың мәні артып отыр. Онлайн банкинг, мобильді төлемдер, цифрлық әмияндар қаржы айналымын жеңілдетті, бірақ алаяқтыққа жол ашты. Сондықтан цифрлық қауіпсіздік – қаржылық сауаттылықтың маңызды бөлігі. Адам жеке деректерді қорғауды, күмәнді сілтемелерден аулақ болуды, банк қызметкерлері атынан келген хабарламаларға сенбеуді, екі деңгейлі аутентификация қолдануды үйренуі керек. Қаржылық сауаттылық тек бүгінгі күнге емес, болашаққа да қажет.
Бұл білім адамға еңбек жолында, зейнетақы жоспарын құруда, отбасыны құруда, жеке өмірде шешуші рөл атқарады. Мысалы, білім алу, үйлену, үй алу, көлік сатып алу, баланың оқу ақысы, демалыс, инвестиция және зейнетақы – барлық шешімдер қаржылық сауаттылықты талап етеді. Адамның қаржылық дербестігі күнделікті дағдылардан басталады. Қаржы мәдениеті – бұл тек ақшаны есептеп, шығынды бақылау ғана емес, ол адамның өмірлік тәртібі мен жауапкершілігін көрсетеді. Табысты есептеу, бюджет құру, қажетсіз сатып алулардан бас тарту, жинақ жасау, инвестициялау – бұның бәрі жеке қаржы мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Жоспарлау – қаржы мәдениетінің негізі. Жоспарсыз адам өз қаражатының қайда кеткенін білмейді. Көп жағдайда адамдардың ең үлкен қателігі – айлықты алған соң жоспарсыз жұмсау. Күнделікті сатып алынатын кофе, тәттілер, онлайн тапсырыстар, жеңілдік кезінде алынған қажетсіз заттар – бәрі бірге қосылып ай сайын ірі шығынға айналады. Шығынды бақылау арқылы ғана адам өзінің қаржылық әдеттерін түсіне бастайды. Бюджет құру – қаржылық тәртіптің маңызды қадамы. Бюджет тек қана тыйым салу еме с, ол адамның мүмкіндігін арттыратын құрал. Жүйелі бюджет қаржылық күйзелістен, қарыздан, күтпеген шығыннан қорғайды. Бюджет арқылы адам қай салаға қанша қаражат бөлетінін анық көреді.
Мұндай жүйелі жоспарлау адамның қаржылық еркіндігін арттырады, эмоционалды шешім қабылдауды азайтады. Мақсат қою – ақшаға бағыт беретін негізгі фактор. Мақсат – мотивация, ал мотивация – әрекет қозғаушы күш. Мақсат адамның өміріне мағына береді: біреуге білім алу маңызды болса, біреуге үй салу, біреуге саяхаттау немесе кәсіп ашу маңызды. Қаржылық жоспар адамның арманына нақты жол сілтейді. Жинақ – өмірлік қауіпсіздік үшін, мәселен күтпеген жағдайлар жиі кездеседі: ауруханаға түсу, жұмыстан қысқару, тұрмыстық жағдайдың өзгеруі немесе техника бұзылуы. Жинағы бар адам бұл қиындықтарды сабырмен шешеді. Жинақ тек материалдық қор емес, психологиялық тыныштықтың негізі.
Инвестиция – ақшаны көбейтудің заманауи әрі тиімді жолы. Бірақ инвестиция білімді, талдауды, тәуекелді басқаруды қажет етеді. Дүниежүзінде инвестиция мәдениеті қоғамның экономикалық дамуына үлес қосады. Инвестиция салғанда тек пайда емес, тәуекелді де ескеру маңызды. Акциялар, облигациялар, алтын, жылжымайтын мүлік, қорлар – әрқайсысының шарттары әртүрлі. Инвестицияның басты қағидасы – түсінбеген әрі керек емес нәрсеге ақша салмау. Қысқа мерзімді жеңіл пайда уәде ететін платформаларға сеніп қалу – қаржылық қиындыққа әкеледі. Тәжірибесіз трейдерлердің кеңесіне құлау, лицензиясы жоқ ұйымдарға қаражат аудару – бұл тәуекелдің ең қарапайым мысалы. Қаржылық қауіпсіздік – қазіргі замандағы маңызды аспект. Онлайн алаяқтықтың бірнеше түрі бар: жалған инвестициялық жобалар, фишинг сілтемелер, жалған банк қызметкерлері, әлеуметтік желідегі ұтыс хабарламалары, қолжетімді мәліметтер арқылы несие рәсімдеу.
Бұл қауіптерге қарсы тұру үшін адам ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білуі тиіс: жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге жоламау, банк атынан келген хабарламаларға сенбеу. Қаржы мәдениеті мен қаржылық тәртіп – адамның күнделікті дағдылары. Бұл мәдениет қалыптасқан кезде адам босқа ақша жұмсамайды, қарызға батпайды, табысын көбейтудің жолдарын қарастырады, инвестициялық мүмкіндіктерді зерттейді, заманауи технологияға икемделеді.
Табыс көзін арттыру, дағдыны жетілдіру және болашаққа бағдар
Қаржылық тәуелсіздік – көптеген адамдардың арманы. Алайда оны тек жоғары табыспен байланыстыру қате. Шын мәнінде, қаржылық тәуелсіздік – табыс көлеміне емес, табыс құрылымына, өмір салтына, дағдыға және тәртіпке байланысты. Табысы аз адам да қаржылық тәуелсіз болуы мүмкін, ал табысы жоғары адам қарызға тәуелді болып қала береді. Демек, мәселе тек ақшада емес, адамның қаржылық ойлауында және шешім қабылдау мәдениетінде. Қаржылық тәуелсіздікке жетудің бірінші қадамы – табыс көзін кеңейту.
Бір ғана кіріс көзіне тәуелді болу – қауіптің ең үлкен түрі. Қазіргі экономикалық жағдайда тұрақты жұмыс ешкімге кепілдік бермейді. Сондықтан қосымша табыс көзін ашу маңызды. Бұл міндетті түрде жеке бизнес емес: фриланс, уақытша қызмет көрсету, онлайн сауда, шығармашылық табыс, сабақ беру, консультация, қосымша кәсіп сияқты мүмкіндіктер бар. Әр адам өз қабілетіне сәйкес жол таба алады. Табысты көбейтудің екінші жолы – дағдыны дамыту. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ең жоғары табыс әдетте ерекше дағдысы бар адамдарға тиесілі. Бағалы дағды – еңбек нарығында сұранысқа ие қабілет: тіл білу, бағдарламалау, дизайн, маркетинг, ұйымдастыру қабілеті, қаржы талдауы, қолөнер немесе шығармашылық. Дағдыға инвестиция салған адам ұзақ мерзімді перспективада тұрақты кіріске ие болады. Уақытты тиімді басқару – қаржылық тәуелсіздіктің маңызды факторларының бірі. Ал уақыт – ең қымбат ресурс. Уақытын бағалай білмейтін адам қаржы дағдысын меңгере алмайды. Өйткені қаржылық тұрақтылық тек ақшаға ғана емес, уақытқа да байланысты. Уақытты дұрыс пайдалану адамның өнімділігін арттырады, табысын көбейтеді, өмірдің әр саласында тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Болашақты жоспарлау – қаржылық тәуелсіздіктің негізгі кілті. Адам өзі қалаған өмірді тек жоспар арқылы ғана құра алады.
Болашаққа мақсат қоймаған адам желде қалқып жүрген қаңбақ сияқты, сыртқы өзгерістерге тәуелді болады. Ал нақты жоспар адамға бағыт береді. Бұл жоспардың ішінде оқу ақысы, денсаулыққа арналған шығындар, тұрғын үй мәселесі, зейнетақы, саяхат, демалыс және жақындарға көмек сияқты барлық аспектілер қамтылуы тиіс. Тәртіп – қаржылық тәуелсіздіктің басты құралы. Тәртіпсіз адам қанша көп табыс тапса да, байымайды. Себебі ол қалауын тежей алмайды, жоспарға бағынбайды және қарызын бақыламайды. Ал тәртіпті адам аз табыспен-ақ байып, жинақ жасай алады, инвестиция құра алады және өмірін сенімді түрде басқара алады. Қаржылық тәуелсіздік тек жеке адамға ғана емес, қоғамға да әсер етеді. Қаржылық сауатты және тәуелсіз азаматтар экономикалық белсенді, жауапкершілігі жоғары, қарызға тәуелді емес.
Мұндай қоғамда бизнес сенімді дамиды, инвестициялар көбейеді, әлеуметтік тұрақтылық артады. Қаржылық тәуелсіздіктің нақты стратегиялары:
• Табысты әртараптандыру. Бір ғана табыс көзіне сүйену қауіпті, сондықтан қосымша табыс көздерін ашу керек.
• Дағды мен білімге инвестиция салу. Қосымша білім алу, кәсіптік дағдыларды жетілдіру – ұзақ мерзімді кірістің кепілі.
• Бюджет пен шығынды бақылау. Күнделікті, айлық, жылдық бюджетті дұрыс жүргізу. Қажетсіз шығыннан бас тарту.
• Жинақ пен төтенше қор құру. Жинақ адамды күтпеген жағдайларда қорғайды және психологиялық тұрақтылық береді.
• Инвестициялық жоспар жасау. Ақшаны тиімді өсіру үшін инвестицияға салуды үйрену.
• Болашаққа нақты жоспар құру. Зейнетақы, балалардың оқуы, саяхат және өз армандарын қаржылай қамтамасыз ету.
• Қаржылық тәртіп пен жүйелілік.
Тәртіпсіз адам қанша табыс тапса да, қаржыны басқармайды, ал тәртіпті адам аз табыспен байып, тұрақтылыққа қол жеткізеді. Қаржылық тәуелсіздікке жеткен адам өмірін еркін түрде басқарады.
Ол қобалжымайды, шұғыл шешімдерде абыржымайды, қарыздан қорықпайды. Мұндай адам табыс көзін үнемі жетілдіреді, дағдысын дамытады, мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады және өз армандарына жету үшін нақты қадамдар жасайды. Қаржылық сауаттылық – бұл адамның өзін-өзі дамытуының негізгі көрсеткіші. Ол тек ақшаны қалай басқаруды білумен шектелмейді. Бұл – ойлау мәдениеті, өмірлік тәртіп, шешім қабылдау қабілеті және әрбір әрекетінің салдарын алдынала бағалай білу. Қаржылық сауатты адам өз өмірін сенімді түрде басқарады, өзіне, отбасына және қоғамға жауапкершілікпен қарайды. Қаржылық сауаттылық адамның өмірін бірнеше бағытта жақсартады. Біріншіден, ол материалдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Адам өзінің табысын тиімді бағыттай біледі, шығындарды бақылап, жинақ жасайды.
Төтенше жағдайларға дайындық психологиялық тыныштық береді. Екіншіден, қаржылық сауаттылық адамның өмірлік шешімдерін жүйелі етеді. Үй алу, көлік сатып алу, білім алу немесе инвестиция жасау сияқты маңызды шешімдер ойластырылған жо спар бойынша жүзеге асады. Үшіншіден, қаржылық сауаттылық адамның еркіндігін арттырады. Ақшаның адамға емес, адамның ақшаға қызмет етуін үйретеді. Қаржылық сауаттылықты тек жеке адам деңгейінде ғана емес, қоғам деңгейінде де дамыту маңызды. Қаржылық сауатты қоғамда экономикалық тұрақтылық жоғары, алаяқтық пен қарызға тәуелділік аз болады, халықтың әл-ауқаты артады. Сондықтан қаржылық мәдениет – бұл жеке дағды ғана емес, ұлттық даму стратегиясының маңызды элементі.
Қосымша мысалдар:
• Жеке жинақ: ай сайын табыстың белгілі бір пайызын арнайы шотқа аудару.
• Күтпеген жағдайға ре зерв: медициналық төлемдер, жұмыссыздық немесе тұрмыстық шығындар үшін 3-6 айлық кіріс мөлшерінде жинақ жасау.
• Инвестиция: тұрақты түрде білім алу, акцияларға немесе қорларға ақша салу, ұзақ мерзімді жоспар құру.
• Қаржылық тәртіп: артық шығындарды азайту, қажетсіз несиелерден аулақ болу, мақсатқа бағытталған бюджетті сақтау. Қаржылық сауаттылыққа жеткен адам өмірін толық бақылауға алады.
Ол қорқынышсыз шешім қабылдайды, табыс көзін әртараптандырады, жинағын өсіреді, инвестиция арқылы пассив кіріс алады. Мұндай адам қарызға тәуелді болмайды, күтпеген жағдайларға дайын болады, өз армандарына нақты қадамдар жасайды.
Қорытындылай келе, қаржылық сауаттылық – бұл жеке адамға ғана емес, қоғамға да қажетті маңызды құрал. Ол өмірлік тұрақтылыққа, психологиялық сенімділікке, әлеуметтік дамуға жол ашады. Қаржылық сауатты азаматтар қоғамның тірегіне айналады.
Әрбір адам қаржы мәдениетін үйреніп, өз өмірін басқаруды қолға алса, ол тек өзіне ғана емес, отбасына, болашағына және бүкіл қоғамға пайда әкеледі.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




