«Су саласына инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз»
- author «Ақ жол»
- 22 қараша, 2025
- 266
Қаржылық келісімге Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов қол қойды. Бұл жоба бірнеше жылға жоспарланған. Оның аясында Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесін құру, су болжамы және тиімді бөлу құралдарын енгізу, заманауи ирригацияның өңірлік орталықтарын қалыптастыру, мамандардың біліктілігін арттыру сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген.
– Бұл бастама Қазақстанның ирригация жүйесін дамытуға және суды тиімді пайдалануды арттыруға бағытталған. Біздің бұл жобаға қатысуымыз су шаруашылығын жаңғырту және климаттық өзгерістерге бейімделу жөніндегі стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз еліміздің су саласына инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Алайда барлық стратегиялық шешім тек Қазақстанда қабылданады және солай қала береді де. Сондай-ақ су ресурстары мен нысандарын шет мемлекеттердің қолданысына беру мәселесі ешқашан қаралған емес. Басты мақсатымыз– азаматтарымыздың мүдде сін қорғау, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін су секторын жаңғырту, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жалпы алғанда облыс аумағында да Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Өтеміс», «Сеңкібай» және «Белқожа» шаруашылықаралық су каналдары жүйелері бар. Бұл жобалар аймақтың суару каналдары, дренаждық жүйелері мен гидротехникалық нысандарын реконструкциялаудың екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр. «Өтеміс» каналы жүйесінде жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын учаскелерде бетон төсеу сондайақ гидротехникалық нысандарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 47 адам және 17 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін 15,7 шақырым каналға бетон төселді.
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жоба іске асқаннан кейін осы жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 5131 гектарға жетеді. Қазір нысан 1626 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етіп отыр. «Сеңкібай» каналында ұзындығы 14,2 шақырым болатын учаскеде реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, жоба 21,8 шақырым каналды жаңартуды көздейді. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқт ау жоспарланып отыр. Қазір нысанда 13 арнайы техника мен 9 маман жұмыс істеп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 4075 гектар егістік алқапқа су жеткізу жақсартылады. «Белқожа» жүйесінде жалпы ұзындығы 19,215 шақырым болатын учаскелерде бетондау жұмыстары жүргізілуде, оның 15,8 шақырымы бүгінде аяқталған. Сонымен қатар гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба іске асқан соң, жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 2896 гектарға дейін ұлғаяды. Қазіргі таңда канал 1860 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етеді. Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау көзделген.
– Бұл жобалардың мақсаты – суару каналдары мен ондағы нысандардың техникалық жайкүйін қалпына келтіріп, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы мелиорациялық жағдайды жақсарту. Барлық жұмысты белгіленген мерзімде орындау маңызды, өйткені бұл алдағы вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне әсер етеді. Сондайақ мердігер ұйымдардың өз міндеттемелерін сапалы орындауына бақылау орнату қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында су шаруашылығы саласын дамыту үшін ирригациялық жүйелерді жаңғыртудың маңызын атап өтті. Осы бағытта біз шетелдік серіктестермен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мысалы, «Өтеміс» каналын реконструкциялау кезінде заманауи неміс технологиялары қолданылып, олардың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді, – дейді Су ресурстары және ирригация министрі.
Тағы бір айтары, 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, облыста 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондайақ 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған. Су ресурстары және ирригация министрлігі келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ТерісАщыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта Ислам даму банкінің қолдауымен ұзындығы 415 шақырым болатын 76 каналды жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр.
Бұл шара 24 877 гектар жерге су жеткізуді жақсартады. Сонымен қатар өңірде 23 суару каналын реконструкциялау жобасы аяқталуға жақын. Нәтижесінде, 19 746 гектар егістік алқапқа су беру жақсарады. Биылғы жылдың соңына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр.
– Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту – Мемлекет басшысының министрлікке жүктеген негізгі міндеттердің бірі. Ел бойынша гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялау жоспарын іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылуда. Сонымен қатар су ресурстарын басқаруды автоматтандыру және цифрландыру саласында жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Дегенмен суды үнемдеуге тек мемлекет қана емес, тұтынушылардың өздері де үлес қосуы қажет. Ол үшін су үнемдейтін технологияларды енгізіп, ылғалды аз қажет ететін дақыл түрлерін өсіруге көшу маңызды, – дейді бұл жөнінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ал жақында Орталық коммуникациялар қызметінде Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы су ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз ету және жерасты суларын тиімді басқару шаралары туралы айтты.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, суару және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылатын 4803 жер асты су кен орнына барлау жүргізілді. Мемлекеттік баланста тәулігіне 43,2 миллион текше метр пайдалану қорлары тіркелген, оның ішінде тәулігіне 1,5 миллион текше метр немесе 3,6 пайыз ғана пайдаланылады. Атап айтқанда, шаруашылық-ауыз су мақсатындағы қорлар тәулігіне 21,2 миллион текше метр, өндірістіктехникалық сумен жабдықтау үшін тәулігіне 2,4 миллион текше метр, жерді суару үшін тәулігіне 19,6 миллион текше метр көзделген.
– Елімізде 4 мыңға жуық бақылау ұңғымаларының жерасты суларын бақылаудың мемлекеттік желісі жұмыс істейді. Олар судың деңгейін, температурасын және сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Гидрогеологиялық саланы цифрландыру үшін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне мониторингтік және пайдалану ұңғымаларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жерасты суларын басқаруды жүйелеу үшін тиісті құқықтыққұжаттық актілер қабылданды. Олар жерасты суларын іздеу, бағалау, алу және мониторинг жүргізу тәртібін сондай-ақ суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бақылау талаптарын белгілейді, – дейді Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.
Суарудағы су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін кешенді шешу мақсатында Су ре сурстары және ирригация министрлігіне шаруаларға суармалы су қызметтерінің құнын сондай-ақ суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау жөніндегі функциялары берілді. Инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға фермерлердің шығындарын өтеу үлесі 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды.
Тариф құнына байланысты субсидиялардың с араланған мөлшері енгізілді. Су үнемдеу жүйелерін пайдаланған жағдайда субсидия көлемі 60 пайыздан 85 пайызға дейін ұлғаяды. Қабылдаған шаралардың арқасында су үнемдеу технологиялары қолданылатын егістік алқаптардың көлемі 2023 жылғы 312,2 мың гектардан биыл шамамен 580 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл – елдегі суармалы жерлердің жалпы аумағының 30 пайызын құрайды. 2030 жылға дейін заманауи суару жүйелерімен 1,3 миллион гектар жерді қамту жоспарланып отыр, бұл суармалы жерлердің жалпы көлемінің 70 пайызы болады. Өнеркәсіп саласында суды үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында жаңа Су кодексінде кәсіпорындарға 7 жыл ішінде кезеңкезеңімен айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелеріне көшу жөнінде міндетті талап енгізілді. Оның ішінде 2 жыл – дайындық кезеңі, ал жоспарларды іске асыруға 5 жыл беріледі.
Бұл шара суды қайта пайдалану үлесін қазіргі 13,1 пайыздан 2030 жылға қарай 28 пайызға дейін арттыруды көздейді. Сонымен қатар егер кәсіпорындар айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелеріне көшу жоспарларын орындамаса, рұқсат етілген су пайдалану көлемін азайтуды реттейтін нормативтікқұқықтық актілер қо сымша қабылданады. Сондай-ақ қоғамда суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру жұмысы жалғасып жатыр. Су ре сурстары және ирригация министрлігі қызметкерлері «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық жоба аясында еліміздің мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп келеді.
Бүгінде ашық сабақтарға ел бойынша шамамен 2 миллион оқушы қатысты. Жаңа оқу жылында акцияға колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін де тарту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда халықаралық сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын оң бағалап отыр. Атап айтқанда, халықаралық кеңесші Мехмет Эрдогду еліміз су шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыт таңдаған деп санайды.
– Қазақстан цифрлық технологияларды енгізуде дұрыс бағытта келе жатыр. Әсіресе ирригация және суару жүйелерін басқару саласында. Цифрландыру үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге және шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар суды тиімді әрі үнемді пайдалануға жол ашады, – деді Мехмет Эрдогду.
Ал Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) ғылыми қызметкері Акмаль Акрамхановтың айтуынша, Қазақстан қабылдап жатқан шешімдер елдегі су шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады.
– Қазақстан су шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Маңызды шешімдер қабылданып, бұл бағыттағы тиімді қызметтің негізі қаланды. Цифрландыру үлкен аумақт арды қамтуға, сапалы мониторинг пен өлшеу жүргізуге сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді, – деді ICARDA ғылыми қызметкері Акмаль Акрамханов.
Тағы бір айтары, жақында Вьетнамда Азия су кеңесінің (AWC) XXIII Басқарма отырысы өтті. Іс-шараға Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Әнуар Өскенбаев қатысты. Отырыста «Қазсушар» кәсіпорны су ресурстары саласындағы 26 елден 176 ұйымды біріктіретін AWC құрамына қабылданды. AWCға мүше болу «Қазсушарға» су ресурстарын басқаруда цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізуге сондай-ақ стратегиялық жоспарлау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу үшін жетекші азиялық және ха лықара лық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
– AWC – Азиядағы және оның шегінен тыс жерлердегі су мәселелеріне шешім іздеуді мақсат ететін жетекші су платформасы. Кеңес таза әрі қолжетімді суға қол жеткізу арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге ықпал етеді. AWC су ресурстарымен айналысатын ұйымдармен, оның ішінде үкіметтермен, академиялық және зерттеу мекемелерімен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді. Олардың қатарында Дүниежүзілік су кеңесі, Халықаралық су ресурстары қауымдастығы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Азия даму банкі сияқты ұйымдар бар. Сондықтан AWC құрамына ену бізге Азиядағы су саласы бойынша жаһандық кәсіби желінің жұмысына қатысуға мүмкіндік береді, – деді «Қазсушар» кәсіпорын бас директорының міндетін атқарушы Әнуар Өскенбаев.
Азия су кеңесі 2016 жылдың наурыз айында құрылған. Ұйымның штаб-пәтері Корея Республикасының Тэджон қаласында орналасқан. Бұл саладағы тағы бір жағымды жаңалық – Су ресурстары және ирригация министрлігі суару суын пайдаланатын тұтынушыларға қаржыны қайтару үшін 18 табиғи монополия субъектісінің тарифтерін уақытша төмендетті.
Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы 177 миллион теңге өтемақы қайтарылады. Биыл 15-наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен суару суына тариф белгілеу және реттеу міндеті – Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілген болатын. 1 мамырдан бастап министрлік каналдар арқылы су жеткізу, егістік алқаптарын суару үшін су беру және гидротехникалық құрылыстар арқылы жерүсті су ағысын реттеу қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыра бастады. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылға арналған тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша табиғи монополия субъектілерінің 63 есебін қарап шықты. Тексеру нәтижесінде бекітілген жоспарлардың толық орындалмағаны анықталды.
Осыған байланысты 18 ұйымға уақытша өтемдік тариф енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл тарифтер арқылы тұтынушыларға 177 миллион теңге қайтарылады. Осы ұйымдардың 16-сы каналдар арқылы су беру қызметін, ал екеуі гидротехникалық құрылыстар арқылы жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсетеді.
– Қазір бұл ұйымдардың көпшілігінде уақытша өтемақы тарифтері күшіне енді. Бұл шараның қолданылу мерзімі – бір жыл. Заң бойынша табиғи монополия субъектілері әр жылдың 1 мамырына дейін алдыңғы жылы бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қалай орындалғаны туралы есепті министрлікке тапсыруы тиіс, – дейді бұл жөнінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оралхан ДӘУІТ
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




