«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дәнекерлеу ісінің озаты Оралбай

Дәнекерлеу ісінің озаты Оралбай
Автор
Фирманың жұмысына қарқын беріп тұрған шебер жұмысшының бірі – дәнекерлеуші Оралбай Жанахметов. Еңбек қауіпсіздігін аса қажет ететін, күрделі жұмыстың көзін тауып жүрген маманның табысына көңілі толады.

Қазіргі нарық заманында іскерлігіңе қарай өз сұранысыңды өзің арттырасың. Сұранысқа ие мамандықтың қатарында дәнекерлеу кәсібі бар. Сондықтан, дәнекерлеу ісіне баулитын кәсіптіктехникалық оқу орындары да аз емес. Оралбай Нағашыбайұлы өз жұмысын жауапты әрі сапалы атқару арқылы шеберлігін қалыптастырған, сұранысқа ие маман. Осы фирмада алты жыл бойы еңбек етіп, алғыс арқалап келеді. Оралбайдың айтар ойы орамды.

– Адал еңбекпен отбасымды асырап, ұл-қыздарымның қиналмай өмір сүруін қамтуды мақсат еттім. Ол менің әкелік парызым. Шүкір жалақым көңілден шығады. Жұбайым екеуіміз төрт ұл-қыз тәрбиелеп өсірдік. Ұлым Тимурбек менің жолымды жалғап отыр. Адал еңбектің бағаланғанына қуанамын. Құрылыс шебері Күзберген Есболат пен бригадир Ғазиз Ахметов әр жұмысшының еңбекке ынтасын арттыра білуде. Осылайша, аталған фирма құрамында Тараз қаласындағы 16 шағын ауданның құрылысына үлес қосып жатқаныма қуанамын, – дейді дәнекерлеу ісі шебері Оралбай Нағашыбайұлы.

Мұндай еңбек озатын басшылық та жоғары бағалап отыр.

«Біздің жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 50 құрылысшы еңбек етуде. Оның барлығының жұмысын лайықты бағалаймыз. Ал дәнекерлеу ісінің білікті маманы Оралбай Жанахметовтың орны бөлек. Мұндай мамандардың жалақысы да, бағасы да жоғары болады, – дейді аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорының орынбасары Шыңғыс Әлиасқар.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар