Еліміздегі биылғы жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына лайықтылардың есімдері анықталды. Техникалық, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылығы, экономикалық, құқықтық ғылымдар салалары бойынша жеңімпаз атанып, арнайы грантты иеленгендер қатарында М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің де үш бірдей оқытушысы бар. Олар – «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Серік Тәжібаев, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Психология және педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Сарыбекова және «Су шаруашылығы, экологоия және құрылыс» факультеті «Құрылыс материалдары және конструкциялар профессоры, техника ғылымдарының докторы Аймахамбет Сағындықов. Осынау мәртебелі атақты иелену мақтаныш сезімін ғана туындатып қоймайды, оқытушыларға заманауи талаптар үдесінен шыға алуды да міндеттейді. Үздік оқытушыларға берілген грант олардың алдағы уақытта әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтіп, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруына да мүмкіндік бермек.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




