БАРЫМТАШЫЛАР ҚОЛҒА ТҮСТІ
Облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы мен Шу аудандық ІІБ қызметкерлері республикалық аймақаралық «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп, өткен жылдың қараша айында болған 50 бас жылқының ұрлану дерегі бойынша Т. Рысқұлов ауданының 26 және 34 жастағы екі азаматын ұстады. Айғақ ретінде олардан 7 бас жылқы тәркіленіп, күдіктілер уақытша қамақта ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда ұсталғандардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар екендіктеріне тексеру жүргізілуде.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




