Серіктестік директоры Артур Пактың айтуынша, мұнда есіктің 40 түрі әртүрлі дизайнда, барлық өлшемде дайындалады екен. Серіктестік цех жұмысын жолға қою үшін өңірлік «Даму» қорынан несие алып, жұмысын бастаған. «Қазіргі таңда есіктеріміз «Кремлевские двери» деген брендпен шығарылуда. Есіктердің сапасы өте жоғары. Оған қажетті құрал-жабдықтар, ағаштар тікелей Ресей мемлекетінен жеткізілуде», дейді ол.
– Бүгінде біз есіктің барлық түрін, оның ішінде ішкі бөлме есіктерін жасаймыз. Қажет болған жағдайда бүлінген бөлме есіктерінің кесегелерін де ауыстырып берумен айналысамыз. Бізде жасалған есіктер сапалы, әрі шыдамды. Егер есік кесегелеріне, есіктің өзіне зақым келген жағдайда олардың бір ғана бүлінген бөлігін де ауыстыра береміз. Бұл бір жағы тапсырыс берушіге арзан түссе, екінші жағынан есіктің бүлінген бір бөлігіне бола оны тұтас ауыстырып жүрмейді. Сондай-ақ тапсырыс берушінің қалауымен түрлі өлшемде есік дизайнын жасаймыз. Біздің цехта жасаған есіктер барлық температуралық, еуро стандарттық талаптарға жауап бере алады. Цехтың атауын «Кремлевские двери» деп қоюымыздың өз себебі бар. Оны біз Ресейден көшірме түрінде алып, өңірде жолға қоюдамыз. Құрал-жабдықтарды да сол мемлекеттен жеткізудеміз. Таразда есік жасайтын цехтар баршылық. Бірақ оның көбінде кепілдігі жоқ. Бізге ағашы, басқа да жабдықтары тікелей Ресейден тасымалданып, осында құрастырылады. Бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді, – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің алдыға қойып отырған мақсаты – халықты қолжетімді бағамен отандық өндірістің сапалы ішкі есіктерімен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлерден бөлек, мектептер мен басқа да мемлекеттік мекемелердің есіктерін орнату үшін мемлекеттік тапсырыс қабылдап жұмыс істеуді де жоспарлауда. Жалпы мемлекеттік қолдаудың арқасында қазіргі таңда ішкі есіктер өндірісінің ауқымы мен өндірістік қуаты артқан. Цехта тапсырыспен де есіктер дайындалады. Ол еуропалық стандартқа сай жасалып, кепілдікпен алушыға жеткізіледі.
Тапсырыс берушілердің қалауымен есікті цех жұмысшылары орнатып беру қызметімен де айналысады. Егер тапсырыс беруші орнатылған есігін зақымдап, шынысын сындырып алса, серіктестік оны ауыстырып, бұзылған жерін қайта қалпына келтіру қызметін көрсетумен де айналысады екен. Кәсіпкер соңғы жылдары Ресейге салынған шектеулер кәсіпорынның жұмысына да аздап с алқынын тигізгенін жасырмады. Өйткені олар Ресейден келетін шикізатқа тәуелді.
Есікке жарамды берік ағаштар біздің республикада өсірілмейтін көрінеді. Дегенмен кәсіпкер байланысын үзбей, қажетті шикізатты бірнеше айға жететіндей етіп жеткізіп алып отырғанын айтты. Осының салдарынан баға біршама көтерілгенін де жасырмады.
Серіктестік биыл «Жамбыл Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының облыс бойынша өңірлік филиалына қолдау сұрап жүгінген. Сөйтіп «Даму» қорымен өзара іс-қимылдың және бағдарлама аясындағы жәрдемдесудің арқасында «Кремлевские двери» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі серіктес банктердің бірінен қаржы алды. Қаражат жаңа коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға және жайластыруға бағытталған. Бұл компанияға өндірістік тиімділік пен сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
«Жамбыл Бизнес» бағдарламасы арқылы қаржыландыру фактісі мемлекеттік институттар тарапынан сенімді растау және компания қызметінің өңір үшін маңыздылығын мойындау болып табылады. Бүгінде «Кремлевские двери» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірде тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің табысты үлгісін көрсете отырып, Жамбыл облысының шағын және орта бизнесін дамытуға өз үлесін қосуда. Ал цехтың шебері Сержан Есенбеев кәсіпорын ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді екен.
«Кәсіпті бірге бастадық. Тәжірибені Қытай мен Ресей елдеріндегі кәсіпорындарда шыңдап, мамандандық. Осында келгелі талай жасты үйретіп, олардың қол шеберлігін арттыруға күш салдым. Қолының ебі барлар жұмыс істеп кетті», – дейді ол.
Аталған кәсіпорынның алға қойған жоспары да көп. Серіктестік директоры Артур Пак алдағы уақытта өндіріс көлемін екі есеге арттырмақ ниетте екенін айтты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




