Қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз: Банкке барудан бұрын алдымен егжейтегжейлі қаржылық жоспар жасаңыз. Барлық шығыстар мен кірістерді, сондай-ақ тәуекелдерді, мысалы, сырқаттану немесе басқа да себептермен жұмыстан айырылу сияқты тәуекелдерді ескеру керек. Тіпті еңбек қабілетін және жұмысты жоғалтудан сақтандыруға да болады. Маңызды: Есіңізде болсын, заң бойынша сіз ай сайынғы табысыңыздың жартысынан көбін несие төлеуге жұмсай алмайсыз. Кредит бойынша талаптарды мұқият зерделеңіз: Кредиттерді түрлі қаржы ұйымдары ұсынады, олардың талаптары – мерзімдері мен мөлшерлемелері әртүрлі болуы мүмкін. Талаптарын салыстырып, ең қолайлысын таңдау қажет.
Бұл өте оңай, банктің мобильді қосымшасы арқылы өтініш беріп, олардың талаптарын зерделеу жеткілікті. Кредит бермес бұрын банк кредит туралы барлық негізгі ақпаратты қамтитын титул парағын ұсынуы керек. Банктердің бірнеше филиалына хабарласып, бірнеше титул парағын жинап, содан кейін ең қолайлы қаржы ұйымын таңдауға болады. Мәселен, осыдан кейін менеджерге барлық қажетті сұрақты қойыңыз: қарыз сомасы, төлем мерзімі мен мөлшері, комиссиялар, барлық пайыздар мен төлемдермен бірге кредиттің толық құны, артық төлем мөлшері, төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда оның салдары. Банктер кредиттің талаптары туралы толық ақпарат беруге міндетті.
Несие – үлкен жауапкершілік: Банктік қарыз шартына қол қою арқылы сіз оның барлық талаптарымен автоматты түрде келісесіз. Кредитті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ресми кредиторлардан ғана ресімдеуге болатынын ұмытпаңыз. Берешекті уақытылы төлеңіз: Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін кредитті төлем күнінен 5-7 жұмыс күні бұрын төлеу ұсынылады. Несиені мерзімінен бұрын өтеу ақшаны үнемдейді, өйткені банк клиенттері қарыз қаражатын пайдалану уақыты үшін де ақша төлейді.
Кредитті мерзімінен бұрын төлеген уақытта операцияның сәтті өткеніне көз жеткізіңіз. Осыдан кейін банктен растайтын анықтама алыңыз. Егер ай сайынғы төлемді мерзімінде төлей алмасаңыз және төлем мерзімі өтіп кетсе, кредитордан жасырынудың қажеті жоқ. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда қарыз алушы – жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады.
ДЕПОЗИТ – ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ БІР ТҮРІ
Депозит деген не? Оның не үшін керек екенін білеміз бе? Жалпы, біз депозит ашуға дағдыланғанбыз ба? Оның келешек үшін қандай пайдасы бар? Депозит – инвестицияның бір түрі. Өз тілімізге салып айтсақ, банкте сақтап қоятын қаражатымыз. Қазақша баламасы – салым. Банк біздің ақшаны ала отырып, оны өзінің басқа операцияларына қолданады.
Банк – ақшадан ақша құрайтын мекеме екенін білесіз. Яғни, сіз бен біздің депозитке салған ақшамызды қолдана отырып, одан түскен табыстың бір бөлігін пайыз түрінде біздің ақшамызға қосып отырады. Демек, біз салған салым банкте текке жатпайды, «жұмыс» істейді, ақшамыз көбейген үстіне көбейе береді. Ол, әрине, салған салымның көлеміне және банк ұсынған пайыздық мөлшерлемеге байланысты болады. Экономист Меруерт Махмұтова депозит – ақша құнын инфляциядан қорғайтын бірден-бір құрал екенін айтады.
– Қолдағы ақша майда-шүйдемен кетіп қалады. Және үйде сақтаған ақша ұзақ мерзімде өзінің құнын жоғалтады. Инфляция бар. Егер де сіз қолда бар ақшаны депозитке салсаңыз, депозитте ай сайын оған процент қосылып тұрады. Сондықтан инфляциядан ақшаңыз құнын жоғалтпайды, – дейді экономист.
Сондай-ақ мамандар депозит ашпас бұрын банктің пайызына қызықпай, алдымен оның тұрақтылығына мән беру керек екенін айтады.
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ АҚШАМЕН ИПОТЕКАНЫ ЖАБУҒА БОЛА МА?
Кrisha.kz-тің мәліметінше ипотека төлемдерін жеңілдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшаны пайдалануға болады. Оны қалай жүзеге асыруға болады? Бүгінде әрбір жас мөлшері үшін зейнетақы қорларының жеткіліктілігінің шегі белгіленеді, бұл БЖЗҚ шотында сақталуы тиіс жинақтың белгілі бір сомасы.
Қордан алуға болатын артық ақшаны және тұрмыс жағдайын жақсартуға, емдеуге пайдалануға немесе инвестициялық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге болады. Артық ақшаны пәтер, үй немесе құрылысқа жер сатып алуға да пайдалана аласыз. Немесе сома жеткіліксіз болса, оны ипотека бойынша бастапқы жарна ретінде пайдаланыңыз, немесе сол жерде мүлік сомасының 50 пайызын жинақтау үшін «Отбасы банкіндегі» депозитке аударыңыз, содан кейін тұрғын үй несиесін рәсімдеңіз. Несиесі бар адамдар үшін артық ақшаны ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге пайдалануға болады.
Бүгінде «ипотекалық төлемдерді зейнетақы жарналарымен жабуға бола ма?» деген сауалдың көпшіліктің көкейінде жүргені анық. Егер қолжетімді сома ай сайынғы ипотекалық төлемнен аз болса да, артық зейнетақыңызды пайдалана аласыз. Немесе керісінше, егер артық сома үлкен болса және оны толығымен пайдаланғыңыз келмесе, бір төлемге тең соманы алуға болады. Қалған ақша зейнетақы шотында қалады.
АҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН ІСКЕ ҚОСТЫ
Отбасы банкі «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларының жаңа кезеңін іске қосты. Бұған дейін тек наурыз айында өткізілетін жобаға биыл қосымша қаржы бөлініп, тағы бір кезеңде іске қосылып қараша айына дейін жалғасады. Бағдарламаға өтінімдер Baspana Market онлайн-платформасы арқылы қабылдануда.
«Наурыз» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарна – 10 пайыз, ал құрылыс аяқталмаған немесе әрленбеген пәтерлер үшін 20 пайыз көлемінде белгіленген. Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Отбасы банкінің барлық депозит ұстаушылары қатыса алады. Оның ішінде 2 миллион теңгеден астам қаражат сақталуы қажет. Бес жыл ішінде пәтер алушының атында үй болмауы керек. Оның барлығы банк тарапынан егжей-тегжейлі тексеріледі. Сатып алушылар өтінішті баспана маркет порталында бере алады.
Бұл отбасы банктің сайты. Несие мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 7 пайыз, ал өзге қатысушылар үшін 9 пайыз көлемінде. Максималды несие сомасы аймақтарда 30 миллион теңге болса, Астана мен Алматы қалаларында 36 миллион теңгеге дейін беріледі. Несие мерзімі – 19 жыл. Бағдарламаға өтінім қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Толық ақпарат пен кеңесті Отбасы банкінің барлық аймақтық бөлімшелерінен алуға болады.
Дайындаған Фариза ӘБДІКЕРІМОВА
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




