«Smartagro Karkara» ЖШС-ның басшысы Нұргелді Әбжапаров 600 гектар егістік алқабын таныстырды. Биыл қант қызылшасын, арпа және бидай еккен. Қазіргі уақытта жаңбырлатып суару технологиясын тиімді қолданып, тәтті түбірден әр гектардан 60 тоннадан өнім алуда. Егін жинау жұмыстарына 73 техника және 25 адам тартылған. Шаруа қожалығы келер жылы жүгері егіп, егістік алқабын әртараптандыруға ниетті.
Жаңадан алған техникалары қант қызылшасын жинау жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Бұдан кейін аймақ басшысы «Жансая» ЖШС-ның 100 гектарға егілген қант қызылшасы алқабын аралады. 2002 жылы құрылған серіктестікте 15 адам еңбек етеді, 28 техникасы бар. Келер жылы егістік алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізу жоспарланып отыр. Ербол Қарашөкеев диқандардың жемісті еңбегіне алғыс білдіріп, мемлекеттік қолдаудың тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Іссапар барысында облыс әкімі Меркі қант зауытына да ат басын бұрды. Мұнда өнімді қабылдау және өңдеу барысы, қант құрамын бақылайтын зертхана мен кагаттық алаң жұмысын тексеріп, диқандармен тілдесті.
Зауыт басында кептеліс тудырмау мақсатында әр ауданға шекті лимит белгіленіп, талондар арқылы қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Шаруа лардың айтуынша, өнімді өткізу барысында еш кедергі жоқ. Айта кетейік, биыл 5,3 мың гектар алқаптан таза салмақта 250 мың тонна қант қызылшасын алу жоспарлануда. 2025 жылдың 10 қазанынан бастап Меркі қант зауыты тәтті түбірлерді қабылдауды бастады. Қазіргі уақытқа дейін 2,3 мың гектар алқаптан 122,6 мың тонна өнім жиналып, оның 101,1 мың тоннасы кәсіпорынға өткізілді. Зауыт күнделікті 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, тәулігіне 2,5 мың тоннадан астам өнім өңдеуде.
Шаруаларға қант қызылшасының келісіне 38 теңге субсидия төленеді: оның 25 теңгесі мемлекет, 13 теңгесі зауыт есебінен беріледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




