«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бас прокуратура адам ұрлығына қатысты ескерту жасады

Бас прокуратура адам ұрлығына қатысты ескерту жасады
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді.

Интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды.

Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны» орнатуды ұсынады, тиісінше банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып тұр. Көп жағдайда азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынып, жалған желеумен алыс-жақын шетелге алдырады. Шекара асып келген азаматты құлдыққа салып, азаматтық кодексін таптап, зорлық-зомбылық жасау фактілері көбеюде.   

Сондай-ақ, кей азаматтардың дене мүшелерін трансплантациялап,  ағзаларын жабық сауда айналымана жіберген.

Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:

 – құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру;

– жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау;

– қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;

– ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;

 - қызметкерледі іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;

– кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау.

Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны болған жоқпа тексеріңіз:

– әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейне қоңырауға ауысуды ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, «мүмкін емес» – деп байланысын үзсе, бұл дабыл сигналы, полицияға хабарласуды ұсынамыз;

– бейне қоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: «Қайда тұрғаныңды көрсет, мен сенің қаншалықты қауіпсіз жерде екеніңді көргім келеді»; Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге бола ма?; Сен қазір қайдасың, бұл пәтер ме, жатақхана ма, үй ме?; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар; Телефонды қай жерде қуаттайсыз; Сенің қасыңда розетка бар ма; Терезеден қандай көрініс, көшеге шыға аласың ба; Сен бүгін демалыдың ба; Сенде демалыс қашан? Жалақы алдың ба; Құжаттарыңды қайда сақтайсын?».

Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорықып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз. Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе – мүмкін оны бөтен адамдар бақылап тұр, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз!

Ұқсас жаңалықтар