Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев пен облыстық Қан орталығының директоры Гулам Мұхтарұлы жиынға жетекшілік жасады. Иидзима Ясумасу өз сөзінде:
«Жамбыл облыстық Қан орталығы Қазақстандағы ең мықты орталықтарының бірі ретінде біздің қайтарымсыз грантқа ие болып отыр. Бұл орталық тек Тараз қаласының тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ облыс бойынша көптеген науқастарға көмектесіп отырғандығын білемін. Біз ұсынып отырған қан құрамын нақты анықтайтын 5 жаңа заманауи құралжабдықтар, атап айтар болсақ гематологиялық ИФА анализаторлар, қанның ұю уақыты мен плазманың коагуляциялық қасиеттерін анықтайтын термостаттар мен 2 тромбомиксерлер адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сенім мол», – деп облыстық қан орталығы директоры Гулам Мұхтарұлы мен орталықтың барлық қызметкерлеріне адам өмірімен тығыз байланысты қиын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ елшілік делегациясы Қан орталығының жаңартылған зертханасымен танысты. Өз кезегінде білікті мамандар заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетті және жобаның нәтижелерімен бөлісті. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «KUSANONE (Шөптің тамыры)» бағдарламасы – бұл Жапония Үкіметінің қайтарымсыз көмегі болып табылады. Бағдарлама жергілікті атқарушы органдарды, аймақтық мектептерді, медициналық және басқа да мекемелерді, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер мен қорларды қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаның басты мақсаты – адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы қарапайым адамдарға тікелей қолдау көрсету.
1997 жылдан бастап Қазақстанда «Шөптің тамырлары» бағдарламасы аясында жалпы құны 8201936 АҚШ долларын құрайтын 121 жоба жүзеге асырылды. Серіктестікті нығайта отырып, Жапония Жамбыл облыстық Қан орталығына 68790 АҚШ доллары көлемінде грант бөлді. 2009 жылдан бері Жамбыл облысына «Шөп тамырлары» жобасы аясында 388322 АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Қолдау алған медициналық ұйымдардың арасында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Талас орталық аудандық ауруханасы, Шу қалалық ауруханасы және Мойынқұм ауданының орталық аудандық ауруханасы бар.
2025 жылы 5 наурызда Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің резиденциясында «Шөптің тамырлары» адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында гранттық келісімшарттарға қол қоюдың салтанатты рәсімі өткен. Рәсімге Қазақстан мен Жапонияның жоғары лауазымды өкілдері қатысқан. Соның ішінде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі мырза Иидзима Ясумасу келісімшарттарға жеке өзі қол қойған. Қазақстан тарапынан ісшараға Денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің орынбасары Бакиров Ільяс Келесұлы қатысып, ол екіжақты ынтымақтастықты дамытудың және елдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайтудың маңыздылығын атап өткен.
Рәсім барысында Жамбыл облыстық Қан орталығы мен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасында жалпы сомасы 68790 АҚШ доллары (30309155 теңге) болатын гранттық келісімшартқа қол қойылған. Алынған қаражат мекеменің материалдықтехникалық базасын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді. Аталмыш іс-шара осы маңызды миссияның жалғасы. Бүгінде жобаны іске асыру өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне оң әсерін тигізіп, қан компоненттерін дайындау мен скрининг жүргізу сапасын арттыруға ықпал етіп отыр.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




