«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қауіпсіздік бәрінен маңызды!

Қауіпсіздік бәрінен маңызды!
Автор
«QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы тұтынушыларға ауа-райының өзгеруіне және жылыту маусымының басталуына байланысты улы газбен улану қаупі артқанын ескертеді.

Өкінішке қарай, статистика бойынша жыл сайын табиғи газды тұтынушылар бұл ескертулерге немқұрайлы қарап келе жатыр. Газ қызметкерлерінің анықтағаны – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болып отыр. Оның себебі, зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуінен.

Жалпы, тұтынушылар төмендегі жағдайды ескеруі керек. Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады! Улы газдың өте аз мөлшерінің өзі қанмен тез араласады, адам тез уланады. Бөлмеде 0,5 пайыз улы газ жиналса болды, осы мөлшердің өзі 20 минуттан кейін адамның жүрегі тоқтайтындай уландырады! Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі – СІЗДІҢ қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі. Өйткені улы газбен уланудың ең көп оқиғасы мұржаның тұтастығы бұзылғандықтан немесе түтіннің дұрыс тартпауынан туындайды.

Есіңізде болсын! Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қауіпсіз пайдалануға және желдету арналары мен түтін мұржаларының жарамды жай-күйіне үй иелері жауапты! Бірақ, өкінішке қарай, үй иелері мұржаларды үнемі тазалап, тексеріп тұруға салғырт қарап келеді. Мұржаның тұтастығын, оның бітелмеуін және түтіннің дұрыс тартылуын үнемі тексеріп отыру қажет. Қыс мезгілінде далада тұрған мұржаға мұз қатуы мүмкін, сондықтан оның мұзбен бітелмеуін үнемі тексеріп, мұржа қақпағын ашып, мұздан тазарту керек.

Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіру автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатқаныңыз жөн. Есіңізде болсын! Газ – оны дұрыс пайдаланбаған кезде ғана өте қауіпті! Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және сіздің отбасыңыздың амандығының кепілі!

 

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы

Ұқсас жаңалықтар