«Ar-Ai» газетінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2025
- 553
«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Достық үйінде» ұйымдастырылған салтанатты іс-шаралар легі «Жастықтың жарқын сәттері» тақырыбында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «AR-AI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың фотокөрмесімен басталды.
Сонымен қатар қалам ұстаған қадірлі ортаның басқосуы барысында «Жастық рухының жалаугері» атты естелік жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.
Екі онжылдықтың басын қосқан басылымның жылнамалы жинағының тұсауын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов пен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы салтанатты жағдайда кесті.

200 дана таралыммен жарық көрген жинақта ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтың жылы лебіздері мен басылымда әр жылдары қызмет еткен бірқатар журналистің естеліктері топтастырылған.
Келелі кездесу аясында «Талай жасқа жол ашқан «AR-AI» тақырыбында конференция өтті. Мерейтойдың негізгі бөлімінде жұртшылық жастар шазетінің шығу тарихы туралы деректі фильмді тамашалады.

Конференция жұмысын облыс әкімінің кеңесшісі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман жүргізді. Үлкен жиында алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов газеттің қоғамдағы орнына кеңірек тоқталып, редакция алқасының қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
– «AR-AI» газеті – өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Бұл тек жаңалық жеткізуші ғана емес, жастардың бастамаларын қолдайтын, елдік мүддені ту еткен ақпараттық алаң. Ширек ғасыр ішінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани өміріне, жастар саясаты мен мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді, – деді Серік Жақсылықұлы өз сөзінде.
Сонымен қатар жиында Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, «Ғұмыр-Дария» газетінің директор – бас редакторы Жаңабай Миллионов, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, еңбек ардагері Сағындық Ордабеков, облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, «Aulieata - Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Данияр Асқарұлы, жастар басылымының 2012-2017 жылдар аралығындағы бас редакторы Гүлнұр Ембердиева және белгілі блогер Өркен Кенжебек сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиында «Aulieata - Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Данияр Асқарұлы Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен, белгілі журналист Гүлнұр Ембердиева сондай-ақ «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Азамат Есалы, «Ar-Ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков, жауапты хатшысы Шолпан Бөгенбаева, аға тілші Нұрым Сырғабаев «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, фототілші Алтынбек Қартабайға «Еңбек даңқы» медалі табыс етілді.

Айта кетейік, бүгін «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы мен белгілі журналист, марқұм Болат Бекжановтың шәкірттері ұстаз рухына Құран оқытып, дастарқан жайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




