272 миллион доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойылды
- author «Ақ жол»
- 4 қараша, 2025
- 311
Іс-шара аясында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші халықаралық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Ұсынылған бастамалар арасында ерекше назар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк жобасына аударылды.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде жобаны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылым мен барлық қажетті ресурс бар. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін арттыруға жол ашады. Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунь алдағы өндірісті іске қосу үшін «жылдам дәліз» тетігі аясында жасалған қолайлы бизнес-орта мен жағдайларды жоғары бағалады.
Жоба аясында Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдейтін зауытт ардың бірі салынбақ. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы бастапқы кезеңде 500 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін, кейін 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Инвестиция көлемі – шамамен 1,5 миллиард АҚШ доллары. Пайдалануға беру кезеңінде 1500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өндіріс отандық шикізатты пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, KGIR2025 алаңында Fufeng Group компаниясының негізін қалаушы Ли Сюэчунь үздік инвесторкомпания өкілдерінің бірі ретінде танылып, Үкімет басшысы табыс еткен марапатқа ие болды. Бұдан бөлек, KGIR-2025 барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің қатысуымен бірқатар меморандум мен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Құжаттар өңірдің өнеркәсіп, энергетика және агроөнеркәсіп салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігі, «Алель Агро» АҚ және Shandong Guangming Biotechnology Co., Ltd. арасында бройлер құс фабрикасын салу жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Инвестиция көлемі – 15 миллион АҚШ доллары. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 45 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіруге арналған, бұл 75 мың тоннаға дейін дайын ет шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі отандық және шетелдік инве сторлармен бірқатар ірі жобаны іске асыру туралы келісімдерге қол қойды.
Олардың қатарында: қуаты 150 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу (инвестиция көлемі – 140 миллион доллар);
электр жабдықтарын өндіретін зауыттың құрылысы (33,5 миллион доллар);
қуаты 50 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу (60 миллион доллар);
ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салу (5,2 миллион доллар);
ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобасы (18,5 миллион доллар).
Қол қойылған келісімдер бойынша жалпы инвестиция көлемі 272,2 миллион АҚШ долларын құрайды. KGIR-2025 аясында Жамбыл облысының делегациясы инвестиция тарту, экономиканың негізгі салаларын дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен тақырыптық кездесулерге де қатысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




